15:44
Тіл тарихы

ГЕРМАН, СЛАВЯН және РОМАН ТІЛДЕРІ

Төрт түрлі тілде жазылған бір сөйлем былайша түзіледі:

Ағылшын тілі: We could not come

Неміс тілі: Wir konnten nicht kommen

Швед тілі: Vi kunde inte komma

Итальян тілі: Non potevamo venire

Ағылшын тіліндегі bread деген сөзге немістің Brot сөзі сәйкес келеді, шведтің brὅd деген сөзіне итальянның pane сөзі сәйкес. Ағылшын тіліндегі son-ға неміс тіліндегі sohn, швед тіліндегі – son, ал итальян тіліндегі figlio сөзі сәйкес. Екі жағдайда да ағылшын, неміс және швед сөздері өте ұқсас, бірақ итальян сөздер мүлде басқа.

Бұл кездейсоқтық емес. Ағылшын, неміс және швед тілдері көп жағынан ұқсас, итальян тілі олардың бәрінен өзгеше.

Ағылшын, неміс және швед тілдерінде сөйлемдегі әр сөз басқа тілдердегі сөйлемдегі әр сөз басқа тілдердегі бір сөзге сәйкес келеді. Сөздердің реті де бірдей. We деген сөз Wir және Vi сөздерімен мағыналас. Could сөзі konnten және kunde сөздерімен мағыналас. Бірақ итальян тіліндегі болымсыз мағынадағы «not» сөзі бірінші келіп тұр және «біз» дегенді тікелей білдіретін сөз жоқ. Оның орнында тұрған potevamo сөзі «we could» дегенді білдіреді. Ал «they could» деген сөзді potevano деген сөз берер еді.

Кей тілдердің бір-біріне ұқсас жерлері өте көп, ал кей тілдердің айырмашылығы орасан. Мұның себебін алдыңғы тарауға қысқаша айтып өттік. Тілдер үнемі өзгеріп отырады. Тілдері ортақ топ оқшауланып, бөлініп кетуі мүмкін. Біраз уақыт өткен соң, әр топтың ішіндегі тәуелсіз өзгерістерге байланысты олар мүлде басқа тілде сөйлейтін халықтар болып шыға келеді. Бірақ тілдер бір-біріне де әсер етеді. Әртүрлі тілде сөйлейтін ададмар тобы бір-бірімен ұзақ қатынас жасаса, олардың тілдері кей жағынан бір-біріне ұқсай бастайды. Олар бір-бірінен алдымен жекелеген сөздерді алады, уақыты келгенде, өзге де өзгерістер жүреді. Бұл өзгерістердің қаншалықты үлкен болатыны, қай тіл өзгеріске көбірек ұшырайтыны топтардың арасындағы қатынас түрлеріне және олардың билік пен әлеуетке қаншалықты ие екеніне байланысты. Яғни тілдердің өзгеруі тарихқа байланысты.

Тілдің өзгеру екпіні адамның өмір сүру ұзақтығымен салыстырғанда баяу. Оның өзгергенін әдетте қарттар байқайды. Тілге аз ғана уақыттың ішінде  көптеген шетел сөздері енуі мүмкін, бірақ тілдегі дыбыстар әдетте тез өзгермейді, грамматика одан да ұзақ уақыт өзгеріссіз тұрады. Тілдер тұрақты өзгермейді, ажырағандарына бір мың жылдан астам уақыт өтсе де, қатты ұқсас күйінде қалатын тілдер бар. Ал кей тілдер мың жылдан астам уақыт араласса да, өзіндік бейнесін өзгертпейді.

Баяу дивергенцияның типтік үлгісі – ағылшын, неміс және швед тілдері. Тарихшылар мен лингвистер «бұл үш тілдің (және кейбір басқа да тілдердің, мысалы, голланд және дат тілдері) жалпы шығу тегі бір» деген пікірге қосылады. Бұл топтағы тілдерді «герман тілдері» деп атайды, ал бастапқы тіл «протогерман» деп аталады.

Протогерман тілінің қандай болғанын ешкім білмейді. Одан ешқандай жазба ескерткіштер қалмаған. Бұл тілде сөйлеген адамдар туралы онша көп білмейміз, қашан және қай жерде қолданылғаны туралы да ешқандай нақты дерек жоқ. Бірақ біз герман тобындағы бірнеше нәрсе білеміз. Ежелгі ағылшын тілінде жазылған ең ескі мамзмұнды мәтін 1300 жыл бұрын жазылған. Ежелгі герман мәтіндері де шамамен сонша жаста. Бұл екі тілдің көптеген ғасырлар бойғы дамуын байқауға болады. Швед тіліне келер болсақ, ол исланд, дат және норвег тілдері сияқты өзге де скандинав тілдерімен және ежелгі жазбалармен байланысты. IV-V ғасырлардан қысқа жарнама түрінде жеткен ол жазбалар – протоскандинав тілінің мысалы. Кез келген скандинав тілінде жазылған ең ежелгі ұзақ мәтіндер ХІІ ғасырда Исландияда жазылған. Ол мәтіндер жазылған тіл «ежелгі норвег тілі» деп аталады. (жалғасы бар)  

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 238 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: