11:09
Тіл тарихы

«СІЗ ҚАЙ ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙСІЗ?». «БІЛМЕЙМІН»

Хойсан тілдерін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу бұл топтың үш тәуелсіз тармақтан тұратынын көрсетті. Бір-бірінен үлкен айырмашылығы бар болғандықтан, олардың байланысты екеніне күмәнмен қарайсың. !Ui-taa немесе «оңтүстік хойсан тілі» бір-ақ тілден тұрады. Сондықтан оның атауын көрсету оңай сияқты көрінеді. Іс жүзінде олай емес.

Біз бұл жерде тіл атауларымен байланысты шын қиындыққа кездесеміз. Ана тілінің атауын сұрағанда, ол тілде сөйлеушілер нақты жауап бере алмайды. Бұл олардың баяу ойлайтынын білдірмейді немесе адамдармен қатынас жасауындағы қиындықтарға да байланысты емес. Бар болғаны олар ана тілінің қалай аталатынын өздері де білмейді, өйткені ана тіліне ешқандай атау бермеген. Мұның негізін қалаған Энтони Трэйл – хойсан тілдерін жақсы зерттеп, ол тілдерде сөйлей алған ғалым.

Біз бұл деректі тез сіңіре алмауымыз мүмкін. Әрине, осы тілге қатысы бар ғалымдарға, миссонерлерге және басқаларға мұны түсіну үшін көп уақыт қажет еді. Ғылыми әдебиетте тіл атауы көптігінің басты түсініктемесі осы болар. Қызыққұмар жиһанкездер жолында кездескен жұрттан қай тілде сөйлейтінін сұраған. Олардың жауабын қойындәптерге ұқыптап жазып қойған. Тағы бір ғалым тағы да сөйлеушіні кездестірген. Ол өз бетімен жауап ойлап тауып айтқан. Оны да қойындәптерге жазып қойған, сосын ғылым әлеміне таратқан. Осылай ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарына дейін хойсан тілдерінің саны үнемі өсіп отырған.

Бірнеше сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, зерттеушілер қандай атауларды жазып алды? Атаулардың көбі үш тармақтың біріне кіретін болған. Біріншісі – сөйлеушінің өзі кіретін үлкен топ. Бұл – ең тұрақты атаулар, олар бірнеше нұсқада қайталанып берілген және олардың атауы біздің тілдеріміздің атауына сәл де болса ұқсайды. Бірақ бір адам өзін белгілі бір топқа жатқызғанымен, бір тілде сөйлейтін басқа адамдардың бәрі сол топқа кіреді дегенді білдірмейді. Оған қоса, сәл өзгеше сөйлейтін немесе мүлде басқаша сөйлейтін адамдар өздерін сол атаудағы топқа жатқызуы әбден мүмкін. Атаулардың екінші түрі сөйлеушінің туып-өскен жерін немесе әулеттің атын білдіреді. Біз оны ағылшын тілінде «Лутон тілі» немесе «Смит тілі» дейміз. Мұндай белгілер тілдердің атауын қатты шатастырады. Үшінші түрінде Kwe, Khoe, Shuakhwe, || Anikhwe және хойсан деген атаулар бар. Оны антрополог сол тілдерден алған сөздерден біріктіріп жасаған. Бұл сөздердің бәрінің құрамында khwe немесе khwi деген бөлік бар. Ол екі дыбыстан тұрады: 1. Ерінді дөңгелектеп айтылатын аспирациялы – к дыбысы. 2. Алдыңғы дауысты –е немесе –і дыбысы. Хойсан деген сөз «адам баласы» немесе «жұрт» деген мағына береді. Бұл атаулар «біз адам баласының тілінде сөйлеймізз немесе жұрт қалай сөйлесе, біз де солай сөйлейміз» деген жауаптан пайдаб олған.

Бұл халық өзі сөйлейтін тілдің атауын білмей қалай өмір сүреді? Біз үшін бұл – табиғи нәрсе. Бірақ хойсан тілдерінде сөйлейтін ортаны көз алдымызға елестетсек, көп жайт түсінікті болады. Сан халқы 10-20 адамнан тұратын шағын топтарда өмір сүрген, бір-бірімен жиі кездесу мүмкіндігі болмаған. Кейде сауда жасау үшін немесе басқа да ортақ шаруалармен кездескен, сонда олардың сөйлеуін қадағалап, бір-бірінен несімен ерекшеленетінін түсіндіретін мекеме не қоғамдық институт жоқ еді. Сан халқының топтары – бір тілде сөйлейтін топтың ең шағыны. Мұндай жағдайда тіл атауы ол тілде сөйлейтін адамның жеке басын кәуландыруда еш рөл атқармайды. Сондықтан сан халқында оған байланысты ешқандай консенсус жоқ.

Сөйлеушілер өз тіліне өзі ат қоймаса, сырттан бақылаушы қоюы мүмкін, лингвистер солай істеді де. Жоғарыда айтылған хойсан тіліне келсек, ғалымдардың көбі оны Трэйл ұсынған нұсқа бойынша !Xoo деп атаған дұрыс деп шешті.    

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 261 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: