10:38
Тіл тарихы

ҚЫРЫҚ МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН БА, ЕКІ МИЛЛИОН ЖЫЛ БҰРЫН БА?

Ақиқатында, археология бізге әртүрлі кезеңдерде қолданылған тастан және сүйектен жасалған құралдар туралы мәлімет береді. Мүсін, гравюра және қылқалам туындыларының да жасалу уақытын анықтауға болады. Ол материалдардан 40 мың жыл бұрынғы адамдардың жасампаздығы мен ісмерлігі қазіргі адамдардан еш кем түспегенін көреміз. Айталық, олар көптеген құрал-саймандарды ойлап таба алған және ғажап өнер туындыларын жасаған. Бұдан «ол кездегі адамдар да тілді қазіргі заман адамдарындай қолданған» деген қорытынды жасауға болады. Оның алдында, 2 миллион жылға жуық уақыт бойы тастан құрал-саймандар қашалып, үнемі жетілдірілді. Оларды дайындау кезінде адамдар өздерінің ой-сезімін көркемөнер тілімен жеткізуге тырысқан.

Археологиялық деректер ата-бабаларымыздың ең кем дегенде 40 мың жыл бойы грамматикасы күрделі, сөздік қоры бай тілдерде сөйлегенін көрсетеді. Құрал-сайман жасаған адамдардың сөйлей алмауы мүмкін емес екенін ескерсек, тілдер анағұрлым ұзақ, 2 миллион жылдай қолданыста болса керек. Бірақ бұл екі дағдының арасында байланыс бар ма, жоқ па – оны ешкім анық білмейді.

Ежелгі адам анатомиясының білгірлері «қазір өмір сүріп жатқан адам – Homo sapiens (саналы адам) шамамен 100-150 мың жылдар бойы айтарлықтай өзгерген жоқ» дейді. Бұл «осы кезеңде адамдарда қазіргі біздікімен бірдей миы және сөйлеу мүшелері болған» дегенді де білдіреді. Сондықтан оларға сөйлеуге интеллектуалдық тұрғыда да, анатомиялық жағынан да кедергі болмаса керек. Олардың тілі біздікіндей дауыс желбезегі бар. Ал миы сөйлеу мен сөзді түсінуге қажет қатпарлардан тұрған.

Алғашқы кезеңдерде олай болмауы да мүмкін. Саналы адам пайда болмай тұрып һәм пайда болғаннан кейін, біраз уақыт неандертальдар өмір сүрді. Олардың миының көлемі шамамен біздікімен бірдей еді. Тек бас қаңқасы мен азуының пішіні біздікінен басқашалау екен. Сондықтан олар қазір жиі қолданылатын кейбір дыбыстарды айта алмауы мүмкін. Бұлай деп еніммен айта алмаймыз, өйткені неандертальдардың тек сүйектері ғана табылды, ал сөз ауыз қуысы мен көмекейдің жұмсақ тіндері арқылы шығады. Бұл тақырыппен айналысатын ғалымдар сүйек пішіндерінің негізінде жұмсақ тіндердің пішіні туралы айтуы керек, ал ол өте қиын. Сондай-ақ адамдардың бір-бірімен сөйлесуіне бұл байқалған айырмашылықтардың қаншалықты кедергі болғаны да айқын емес.

Бірнеше мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген адамдардың бас сүйектері мен жақ сүйектері біздікінен басқаша болған, сондықтан олардың біз сияқты сөйлей алуы екіталай.

Сөзімізді түйіндей отырып, «қазір қолданылып жүрген тілдерге ұқсас тілдердің қолданыста жүргеніне кем дегенде 40 мың жылдай болды» деп сеніммен айта аламыз. Одан да ұзақ уақыт болуы мүмкін. Жоғарғы шек – 2 миллион жылға жуық, адамның тас құралдарды алғаш жасай бастаған кезі.  

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 217 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: