22:16 Тұлғалану толқындарында |
ІШЕК ТАЗАЛАУ ЖОЛЫ – АШЫҒУ Адам ағзасы 440-60 трлн жасушадан (клетка) тұрады. Әр жасушаның ішінде митохондрия (денеде болатын жіпше, түйіршік тәрізді органоид) бар. митохондрия бізге керекті энергияны түзеді. Бойымыздағы жасушалардың жағдайы жақсы болса, энергиямызда бірқалыпты, дұрыс түзіледі. Бірақ уақыт өте келе жасуша-тіндерді «қоқыспен» толтыра бастаймыз, нәтижесінде митохондрияның қызметі бәсеңдейді. Осы кезде ішкі жасушаларды (детоксификация) тазалаңыз, яғни «қоқыстан» арылыңыз. Адам ағзасы өте «ақылды». Ағзада кіріктірілген (қосарлы) жүйе жұмыс жасайды. Негізінде, ағза өздігінен тазаланып, сонымен бірге жасартатын ферменттерді (белок, реакция тездетуші заттар) түзіп отырады. Біраз уақыт өте келе дұрыс тамақтанбаудың кесірінен энергиямыз азайып, «тазалаушы» қызметін тоқтатады. Сол себепті ішкі жасушалық (клеткалық) тазаруды қолға алу керек. Әсіресе түрлі «қоқыс» ішегімізге жиналып, ішектің (стенки) және рецепторлық қызметін зақымдап, түрлі улы токсиндерге толтырады. Бұл кезде ішектің жұмыс жасауға қабілеті әлсіреп, энергия төмендейді, адам жиі ауырады. Бүгінде астың түрі көп. Бұл да адамның ізденуінен туған бір жетістік. Нәпсінің айтқанына бағынсақ, тамақтың барлық түрін бір мезетте жей салуға әзірміз. Осылайша, ағзамыз өз құмарлығымыздың құрбанына айналуда. Асқазан өзіне түскен тамақты өңдеп қорытады, солай тазаланады. Бірақ жиі әрі көп тамақ жеуден, ағзамыз өзін-өзі тазалап, қалпына келтіруші ферменттерді түзіп үлгермейді. Адам ағзасында 25 мыңнан астам биохимиялық реакцияға қатысатын бес мыңнан астам фермент түрі бар дейді ғалымдар. Адамның өмір сүру қабілеті тұрақты болуы үшін барлық реакция жүруі керек. Біз сол үшін ферменттер көмегіне зәруміз. Мысалы, жасушадағы белоктар амин қышқылына айналып, денемізге «кірпіш» болып қаланады. Содан кейін амин қышқылдары жасуша ішінде қайтадан жаңа белоктар түзеді. Ал белоктар біздің бұлшық еттеріміз бен басқа да тіндерімізді құрайды. Белоктардың ішінде іске жарамсыздары да бар, жасушамызда «қоқыс» болып жиналады. Олардан уақытында құтылу керек, әйтпесе жинала-жинала келе энергия алмасуға кедергі келтіріп, жасушаны «қартайтады» және өлі жасушаға айналдырады. Ал бұл мәселенің шешімі – ашығу. Біз мұсылман ретінде жылына бір рет рамазан айында 30 күн ораза ұстауға міндеттіміз. Сондай-ақ аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері және ай толған үш күнде ораза ұстау – Пайғамбарымыздың сүннеті. Егер осы айтылған оразалар жүйелі әрі дұрыс ұсталатын болса, ағзамызда ешбір токсин де, улы газ да жиналмас еді. Өкінішке орай, рамазан айындағы 30 күн оразаны көпшілік адам түн мен күнді ауыстырып, тамақ жеу уақыттарын ғана өзгерткені болмаса, сауатты ұстамай жүр. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
