23:08
Тұлғалану толқындарында

ӘР НӘРСЕНІҢ ӨЛШЕУІ БАР

«Кейбір адамдар (өздері ойлап тапқан атақ, мансап, ақша, әйел секілді) пұттарды құдайға айналдырып алады да, оларды өлердей жақсы көреді. Аллаға тиесілі махаббатты соларға арнайды» («Бақара» сүресі, 165-аят).

Жүректегі бар махаббат, ең кемел сүйіспеншілік өткінші һәмкем дүниелерге арналғанда түрлі проблема мен уайым-қайғыға себеп болып жатады. Өйткені адам рухы уақытша һәм құбылмалы нәрсеге қанағаттанбайды. Мысалы, Құранда Ибраһим пайғамбар әуелі жарқырған жұлдыздың, содан кейін жарық Айдың, одан соң нұрын шашқан Күннің белгілі уақыттан кейін ғайып болып, жоғалатындығын аңғарып: «Бұлардың ешқайсысы маған Құдай бола алмайды. Мұндай ғайып болатын уақытша дүниелерге шынайы махаббатымды арнай алмаймын. Мен жер мен көкті жаратқан мәңгілік иесі бір Аллаға жүзімді бұрып, шын махаббатымды соған арнадым» («Анғам» сүресі, 79-аят) деп, адамның жан дүниесі тек мәңгілікпен ғана жай тауып, қанағаттанатындығын аңғартады. Бұл – ақиқат.

Өйткені мына дүниеде ерте ме, кеш пе бар махаббатыңды арнаған «уақытшалардан» айырылатын күн келеді. кем дүниелер әшкереленіп, сыр береді. Бұл жағдай жүрекке ауыр соққы болуы мүмкін. Мысалы, мансапқа бар махаббатын арнап, жүрегін түгелдей байлап берген адам қызметтен айырылса, еңсесі түсіп, күйзеліске тап болады. Мал, дүние де солай. Байлығынан айырылып қалғандар да қатты депрессияға түсіп кететіндігі сондықтан. Тіпті Аллаға арналуы тиіс ең кемел махаббатты баласына арнап, оны өмірдің мәніне айналдырып жіберсе, алда-жалда баласынан айырылып қалса, айықпас дертке душар болып, жүрекке аса ауыр соққы болмақ.

Дұрыс түсініңіз: бұл дегеніміз – бала-шағаңды жақсы көрме деген сөз емес. Ұрпағыңды жақсы көр, сүй. Бұл Алланың адам болмысына қойған мейірімі мен табиғи сүйіспеншілігі. бірақ өлшемінен аспау қажет.

Абай айтпақшы, «Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса – жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені болады. Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. өлшеуінен асырса, боғы шығады».

Сөз түйіні: Аллаға арналуы тиіс ең кемел махаббатты басқа пәни заттарға (дүние-мүлік, атақ-даңқ т.б.) арнаудың арты уайым-қайғыны тудырады.

Абайда «Тәңір үшін махаббат қылу» барша жаратылысты Жаратқан үшін жақсы көру пәлсапасы бар. яғни ең кемел махаббатты кемшіліксіз, мәңгілік Құдайға арнағаннан кейін «Жаратқан үшін жаратылғанды жақсы көрсең», олардан ажырағанда – ауыр азапқа, айырылғанда айықпас дертке шалдықпайсыз. Өйткені жүрегің мәңгілік махаббатқа толып тұрғандықтан һәм пәнидің өткінші екенін әу бастан санаң мен жүрегің қабылдағандықтан, уайым-қайғыны жеңіл өткізесіз.

Жаратқан үшін жаратылғанды жақсы көру дегеніміз не? мысалы, сіз Отаныңызды, өскен өлкеңізді, туған жеріңізді жақсы көресіз. Елден жырақтаған жағдайда, туған жердің бір уыс топырағы мен сынық қурайына дейін саған қымбат. Әрбір нәрсе өскен өлкеңді есіңе салады. Туған жер үшін оған қатысты барлық нәрсені жақсы көресіз.

Басқа бір мысал. Абайды жақсы көрген адам оның өмірде киген шапанын да жақсы көреді. Ұстаған домбырасы да оған қымбат. Байқағанымыздай, Абаймен қатысы болғандықтан қатардағы шапан мен домбыра ерекше мәнге, құрметке ие болып шыға келді. Міне, Жаратушы үшін оның жаратқан күллі жаратылысын да жақсы көру солай.

Я, Бақи, әнтал-Бақи. Яғни «Уа, мәңгілік Алла сен ғана мәңгілік махаббатқа лайықсың» зікірі. Бұл – қайғырған жүрекке дауа. Қиындыққа душар болған адамдар осы зікірді көбірек айтқаны дұрыс. Сондай-ақ Алланың «я, Кәшшаф», яғни, барлық қиыншылықты кетіруші, жүректегі шынайы махаббат пен бойдағы түрлі қабілеттерді ашушы дегенді білдіретін Алланың есімі бар. бұны да жиі қайталап, айту абзал.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: