17:35
Тұлғалану толқындарында

ҚАНБАҒАН ҰЙҚЫНЫҢ ЗИЯНЫ

  1. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әдеттегі қажет ұйқының мөлшері 90 минутқа қықсарған жағдайда адам бойындағы концентрацияның үштен бірі жоғалады екен. Жалпақ тілмен айтқанда, қандай да бір нәрсені түсіну, жеткізу, байқау, есте сақтау сияқты қабілетіңіз 33 пайызға төмендейді деген сөз. Нәтижесінде, жол бойында немесе өндіріс алаңында апаттық жағдайлар туғызуыңыз бек мүмкін. Статистикаға сүйенсек, ә бесінші жол апаты жүргізушінің ұйықтап кетуінен орын алатын көрінеді.
  2. Зерттеулер нәтижесі бойынша, ұйқысы қанбайтын адамның ауруға шалдығу ықтималдығы үш есеге артық. Оның себебі – ұйықтағанда адамның иммунды жүйесі цитокин ақуызын жинайды. Ал адамның ұйқысы қанбайтын болса, цитокин қажетті мөлшерде түзілмейді. Нәтижесінде, иммунитет төмендейді. Сондықтан тұмау секілді ауруларға шалдыққан кезде көбірек ұйықтап, тыныққан жөн. «ұйқы – ем» деген сөз текке айтылмаған.
  3. Аз ұйқы артық салмақ қосуы мүмкін. Адам бойында тәбетті реттеп отыратын гормондар бар. біріншісі, тоюды, қанығуды білдіретін лептин гормоны. Тамақ жегенде осы гормон арқылы тойғаныңызды түсінесіз де, ас жеуді тоқтатасыз. Ал ұйқыңыз қанбай қалған жағдайда, адам ағзасында бұл гормондар әдеттегіден аз бөлінетіндіктен, сіз тойғаныңызды аңғармай, тамақты көп жейсіз. Сондай-ақ, адам денесінде «грелин» деп аталатын аштық гормоны бар. осы гормон арқылы сіз қарныңыздың ашқанын түсіне қоясыз. Ал ұйқыңыз қанбай, сапалы тыныға алмаған күні гормондар әдеттегіден көбірек бөлінеді. Нәтижесінде, сіздің артық тамақ жеуге деген тәбетіңіз ұлғаяды. Ағзаңыз ұйқыдан ала алмаған жетіспеушілікті толтыру үшін ұн өнімдеріне, тәтті секілді көмірсулы тағамдарға тартып тұрады. Нәтижесі – артық салмақ.
  4. Түнде дұрыс тынықсаңыз, таңертең бой қуатыңыз толық болады. Күні бойы неше түрлі адамдармен араласып, көптеген кездесуде боламыз. Түрлі жұмыс атқарамыз. Кешке қарай діңкеміз құрып, әбден шаршаймыз. Ертесі толық тынығып, қуат жинап үлгермесеңіз, ерте тұру қиынға соғады. Нәтижесінде, миымыз түрлі сылтауды алға тартып, жалқауланып жатуға, істерді кейінге қалдыруға құмбыл күйге түседі. Біздің ерік-жігеріміз физикалық күйімізге, бойымыздағы энергия деңгейіне тікелей қатысты. Шаршаған кезде дұрыс шешім қабылдауға қауқарсыз боламыз.
  5. Ұйқыңыз қанбаса, күні бойы мең-зең болып, еш нәрсеге зауқыңыз соқпай, ағзаңыз үнемі ұйқы тілеп жүреді. Не істесеңіз де баяу және салғырт жасайсыз. Нәтижесінде, істеген жұмысыңыздың өнімділігі төмендейді. Қазақтың «Еріншек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді» дегені осы.
  6. Ұйқыңыз қанбаған күні жаман әдеттерге үйір келесіз. Ағзаңыз ұйқыдан ала алмаған ләззатты никотин, кофеин секілді зиянды заттардан алуға құштар. Ұйқысырап жүрген пенде ренжігіш келеді. еш нәрсені ұната қоймайды. Сіркесі су көтермейтін ашушаң болады.
  7. Ұйқысы қанбаған адамның ағзасы дұрыс тыныға алмағандықтан, түр-әлпеті сұрықсызданып, беті, көзінің айналасы домбығып ісіп кетеді. Уақтылы ұйықтамаған адамның терісі қыртыстанып, қартая бастайды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: