АДАМҒА ПАЙДАЛЫ ТАҒАМДАР ТІЗІМІ
- Таза су.
- Шпинат, қырыққабат, брокколи, гүлді қырыққабат, брюссель, балдыркөк, ақжелкен, қияр, қызанақ, т.б. көкөністер мен шөп түрлері. Тіпті теңіз шөптерін де жеген абзал.
- Қант құрамы төмен жемістер: алма, анар, гуава, киви, барлық жидек түрі, ананас, папайя, інжір, қара өрік, қарбыз, қауын, банан және т.б. Десе де жеміс шырынының құрамында қант көп, сондықтан абай болғаныңыз жөн.
- Пайдалы көмірсуларға: қара күріш, қарақұмық, тәтті картоп, арпа (меруерт арпа), сұлу жатады.
- Пайдалы майлар: емдік кокос майы, зәйтүн майы, зығыр майы, күнжіт майы, авокадо, табиғи сарымай, қыша майы.
- Пайдалы ақуыз: жұмыртқада, майлы теңіз балықтарында, сиыр, қой, тауық, күркетауық еттерінде болады.
- Саумал мен қымыз.
- Жылқы мен қой еті.
- Пайдалы дәндер мен жаңғақтар: асқабақ тұқымы, күнбағыс тұқымы, Бразилия жаңғағы, жаңғақ, қарағай жаңғағы, бадам, пекан, фундук, макадамия (пайдалы майлар мен белоктар).
- Пайдалы бұршақ дақылдары: жасымық, бұршақ, ноқат, адзуки бұршағы, соя, теңіз бұршағы (өсімдік ақуыздарының өте жақсы көздері).
- Тұз: гималай қызғылт тұзы.
- Тәттілер: табиғи бал, стевия.
- Дәмдеуіштер мен шөптер: чили, куркума, қара бұрыш, даршын, кориандр, зире, зімбір, сарымсақ, пияз, т.б.
- Ашытылған тағамдар. Мысалы, кең қолданыстағы (квашенная) қырыққабат – табиғи ашытылған өнім. Соя соусы да осыған ұқсас. Алма сірке суы да ашытылады. Дүкен сөрелерінде хош иісті жалған өнімдер жиі сатылады. Мысалы, өте дәмді кокостық йогурты ашытылған сүт өніміне жатады. Біра құрамында сүт базасы жоқ.
- Шай және кофе: органикалық кофе (тек бір кесе), шөптер мен жасыл шай. Табиғат сыйлаған, тұрғылықты жерде өсірілген кез келген өнімдер ішінен өзіңізге ұнайтынын тұтынған дұрыс.
Жоғарыда енгізілген өнімдер ешқандай химиялық қоспасыз, органикалық және табиғи болуы керек. Жасанды өнімдерден барынша аулақ болыңыз!
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|