22:27
Тұлғалану толқындарында

ЖАН ДҮНИЕҢЕ ҮҢІЛ!

Әбігерлікке толы қарбалас мына өмірден, айқай-шуға толы күйбең тіршіліктен өзіңді бір мезет азат етіп, тыныштықты іздеңіз. Адам баласы тыныштықта ғана жан дүниесінің үнін естіп, өзінің ішкі әлеміне үңіле алады. Сол арқылы өзінің мына дүниеге не үшін келгендігін, негізгі миссиясын есіне түсіруіне мүмкіншілік табады.

Өзінің ішкі әлемінің үнін естіп, өзін жете тани алмаған адамның сыртқы әлемде шынайы жетістікке жетуі екіталай.

Ендеше, өзіңді таны! Өз әлеміңе үңіл! Өз мүміншілігіңді бағала! Өз бойыңдағы бөгеттерді жой! Өз нәпсіңмен күрес!

Сонда сыртқы әлем саған өздігінен қақпасын айқара ашады! Қиыншылықтар бір-бірлеп тізе бүгіп, саған беріле бастайды.

Қысқасы, жетістіктің кілті сыртта емес, өз болмысыңда сақтаулы. Балапан жұмыртқаны іштен жарып шықса ғана сыртта өмір сүре алады. Ал сырттан жарылса, өмір тоқтайды.

Қиыншылықты жеңетін, шыңдарды бағындыратын күш өз рухыңда екенін ұмытпа! Оны сырттан іздеп әуре болма!

Адам баласы өзінің ішкі үнін естімейтін күйге жеткенде, түрлі ауытқушылықтар орын ала бастайды. Мәнсіз өмірден, бітпейтін әбігерліктен жаны жабырқап, рухы мазасыз күй кешеді. Жаратушыға арқа сүйеп, тәуекел ете алмаған соң, сан түрлі тәуелділікке тап болып жатады. Сөйтіп, адам ішкі мазасыздығын кетіру үшін адал-арам деп талғамай түрлі жолды іздей бастайды. Түнгі клуб па, жоқ әлде арақ, есірткі, анаша ма... Мұның бәрі рух аштығынан болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: