08:38
Тұлғалану толқындарында

КӨРКЕМ МІНЕЗ

Кез келген адаммен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін ең әуелі көркем мінез қажет. Өзара тіл табысудың түрлі тәсілін қолданғанымызбен, сөзіміз ісіміз үйлеспейтін қайшылыққа толы пенде болсақ, біраз уақыттан кейін кемшін тұсымыз су бетіне қалқып шыққан май сияқты байқала бастайды. Жасандылық ерте ме, кеш пе мәлім болады. Сондықтан адаммен қарым-қатынасымыз әрдайым ұзақ мерзімді һәм шынайы әрекетке негізделуге тиіс. Бұл тек ішкі құндылығы берік көркем мінезді тұлғадан ғана шығады. Өйткені адам өзінде жоқ нәрсені басқаға бере алмайды.

Көптің сеніміне кірген адам ғана айналасымен дұрыс қарым-қатынас құра алады. Қарым-қатынасты нығайту үшін құндылықтарға негізделген әрекет керек.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: