23:38
Тұлғалану толқындарында

КӨШБАСШЫ БОЛУ ОҢАЙ ЕМЕС

Эмоциялық зерде басшылар үшін аса қажет дүние. Тіпті жетістікке жетудің, лидер болудың тетігі деп айтуға болады. Басшының көңіл-күйі тұтастай ұжымға әсер ететіні белгілі. Тұнжырап, үнемі қабағын шытып, кез келген мәселені айқаймен, өктемдікпен шешуге тырысатын кісі басқарған ұжымның сол күнгі істері өнімсіз, көңілдері түсіп жүреді. Ал кез келген сәтсіздік пен проблеманы салқын қабылдап, байсалдылықпен шешуге талпынатын лидер ұжымға әрдайым көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жұмысқа жігерлендіріп, ынталандыра біледі.

Эмоция бұл адамнан адамға көшеді. Тұтастай ұжымның көңіл-күйіне әсер ететін құбылыс. Сондықтан лидер әрдайым жауапкершілікті сезінуі тиіс. Әркім өзінше лидер екенін ескерсек, онда әр адам жауапкершілікті сезінуге тиіс.

Мысалы, компаниядағы жаңа жобаға жауапты ұжымның ұзақ уақыт дайындаған таныстырылымы сәтсіз өтті делік. Осындай кезде эмоциялық зердесі мықты басшы айқайлап, дауыс көтеріп зекудің орнына мәселені шешудің қамына кіріседі. Проблеманың өзегіне назар аударып, таныстырылымның неліктен сәтсіз өткендігін талқылап, ұжымымен бірге кемшілікті жойып, мәселені шешуге тырысады.

Тағы бір мысал, командаңызбен ұзақ уақыт келісімшарт жасасуға күш жұмсаған ірі компания тапсырысты сіздерге емес, басқа бәсекелес фирмаға бергендігін хабарлайды. Мұндай жағдайда не істейсіз?

  1. Көңіліңіз қалады. Ренжисіз. Командаңызға қолдан келгеннің бәрін жасағаныңды, ал ана компанияның таңдау шешімі қате екендігін айтасыз.
  2. Командаңызға болған жағдайды көңілге алмауын ескертіп, оларды алдағы жұмыстарға ынталандырып, жігерлендіресіз. Жасаған жұмыстарыңызға талдау жасап, осал тұстарыңызды анықтап, тапсырыс беруші компанияның келесі жолы сізбен жұмыс істеуі үшін қажетті әрекетке көшесіз.

Эмоциялық зердесі дамыған басшы екінші нұсқа бойынша әрекет етеді.

Нағыз басшы – әрдайым қарамағындағы адамдардың көңіл-күйін байқап, бағамдай алатын және олардың жүріс-тұрысына, қолданған сөздеріне, эмоциялық жағдайларына қарап-ақ жеке мәселелері мен жұмыстағы проблемаларды байқай білетін сұңғыла адам. Сондай-ақ ұжымның әрбір мүшесіне шабыт беріп, көңіл-күйін көтеретін, күрделі мәселелердің өзін байыппен, ақылмен майдан қыл суырғандай шеше алатын көшбасшы тұлға.

Парасат-пайымы жоғары басшы қабылдаған шешім ықпалының ауқымдылығын, жауапкершілігін терең сезінеді. Сондықтан шешімдеріне эмоциялық көңіл-күйі кері әсер етпесі үшін ұжымымен, лайықты мамандармен ақылдасуды әрдайым басшылыққа алады!

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: