08:33
Тұлғалану толқындарында

ХАРЕКЕТ ЕТ!

Сен жолға шық, жол өзі апарады.

Мәулана

Бойдағы үрейді кетірудің жолы – харекет. Әрекет бар жерде іштегі қорқыныш бойын сенен аулақ ұстайды. Бұл құбылысты, әсіресе, спортшылар жақсы біледі. Рингке немесе кілемге шыққанға дейін кез келген спортшыда қобалжу, іштей қорқыныш болады. Бірақ шаршы алаңға шыққан соң бойдағы үрей сап тыйылады. Қазақтың «Көз – қорқақ, қол – батыр» дегені осы. Мәселе батылдығың жетіп, ниеттенген ісіңді бастай білуіңде. Басталған соң үрейленуге уақыт болмайды. Ендеше, харекет қыл, екіленіп, іркілме. Бойдағы қорқынышқа қарсы шық!

Бала кезінде әкесі оны кеш батқанда ат арқандауға жұмсайтын. Кей күндері аспанды бұлт торлап, дала қап-қараңғы бір адым жер көрінбейтін сәттер болады. Бойда аздап қорқыныш сезімі пайда болатын. Мұндай кезде ол аяғын нық басып, аузына түскен өлеңді әндетіп қараңғыға сүңгіп кететін. Қорқынышына қарсы жүретін. Аздан кейін қорқыныш та сейілетін.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: