09:05
Тұлғалану толқындарында

СҰХБАТТАСУ СЫРЫ

Әрбір маңызды кездесуге влдын-ала дайындалудың пайдасы зор. Кездесетін орынның атмосферасы да қолайлы болғаны дұрыс. Барынша тыныш жерді таңдаңыз.

Ең бастысы, сұхбаттасыңызға ұнайтын, қызығушылығы басым тақырыпты әңгімеге арқау етіңіз. Ол үшін кездесетін адамыңызды алдын-ала зерттеп, оның қызығушылығын біліп алыңыз. Бұл жағдай – кездесудің маңызы артып әрі сұхбаттасыңыз толық ашылуына себеп болумен қатар, сізді бұрыннан танитындай күйге бөленеді. Лезде достық қарым-қатынас орнайды. Нәтижесінде, мәселенің тиімді шешілуіне септігі тиеді.

Дейл Карнегидің «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері» атты кітабынан үзінді келтірейік: «Нью-Йорк газетінен ерекше қабілет пен тәжірибесі бар адамды жұмысқа алатыны туралы хабарландыруды көрген Чарльз Т.Кубеллис түйіндемесін жібереді. Бірнеше күннен кейін оны сұхбатқа шақырады.

Сұхбат кезінде ол: «Сіздер сияқты белгілі компанияда жұмыс істеу – мен үшін зор бақыт. 28 жылы бұрын осы кәсіпті бастағанда бір кабинет пен бір стенографтан басқа ештеңе болмаған екен. Осы рас па?» - деп сұрайды. Кез келген адам, әсіресе біраз жетістікке жеткен болса, өзінің бизнесті қалай бастап, қандай қиындықтарды бастан өткергенін айтып бергенді жақсы көреді. Бұл адам да сондайлардың бірі еді. Ол өзінің қалтасында бар-жоғы 450 доллармен бизнеске қалай келгенін, оған қандай ой түрткі болғанын, кейде қолды бір сілтеп кетіп қалғысы келгенін, қатты қиналғанын айтады. Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей, күніне 12 сағта жұмыс істегенін, ақырында барлық қиындықты жеңгені, қазір Уолл стриттегі мықтылардың өзі келіп ақыл сұрайтын маңызды тұлғаға айналғанын ұзақ әңгімелеп береді.

Мұндай жетістікке жеткені үшін өзіне разы еді ол. Онысы да жөн, өз жеңісі жайлы қанша айтса да еш сөкеттігі жоқ. Әңгімесін аяқтаған соң, ол вице президенттерінің бірін шақырып: «Бұл адамды жұмысқа алыңдар», - деп бұйырады. Кубеллис мырза болашақ жұмыс берушінің жеткен жетістігі жайлы білгісі келді. Осылайша, ол өзі үңіліп көрді. Сондықтан сұхбаттасының көбірек сөйлеуіне мүмкіндік беріп, өзі туралы жақсы пікір қалыптастырды».

Мысырда соңғы курсты аяқтауға бірнеше ай қалған болатын. Бас мүфти болып сайланғанына бірнеше ай болған Әбсаттар қажы Дербісәлі сапарлап Каир қаласына келді. Ол хазіретпен арнайы жолықты. Әңгімелері танысудан және тірнеше минуттық жөн сұрасқан қысқа сұхбаттан әрі аспады.

Оқуды аяқтап, елге қайтқаннан кейін екі-үш жыл өткен соң тағы да кездесуге ниет білдірді. Бұл жолғы кездесудің дайындығы бөлек болды. Әбсаттар қажының қызығатын тақырыбын алдын-ала зерттеді. Ол кісі бар ғұмырын шығыстануға, ортаазиялық, әсіресе қазақ даласында туып-өскен ғұламалар өмірі мен шығармашылығына арнағаны белгілі. Ендеше, осы тақырыпты әңгімеге арқау етуі керек деп шешті. Әбсаттар қажының еңбектерін қарап шықты. Кездесу барысында ол кісінің Кеңес өкіметі кезінде жазған «Қазақ даласының жұлдыздары» атты кітабы жайлы сөз қозғап еді, ол кісі ерекше шабытпен тоқтамай ағытылды кеп. Арасында тақырыпқа қатысты сұрақтарды қойып отырды. Не керек, араларында бір сағатқа созылған әдемі әңгіме өрбіді. Оны ұзақ жылғы танысында құрмет көрсетіп шығарып салды.

Кейде кездесулер біз ойлағандай бола бермейді. Қызу пікірталас орын алып, эмоцияға ерік беріп, дауыс көтеруге дейін баруымыз мүмкін. Мұндай жағдайда белгілі бір келісімге келмесеңіз де, кездесуді жағымды эмоциямен, жақсы сөздермен аяқтауға тырысыңыз. 

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: