09:10
Тұлғалану толқындарында

ҚАБЫЛ БОЛҒАН ТӘУБЕ

Мұса пайғамбардың заманында қатты қуаңшылық болады. Қиналған жұрт оған келіп: «Уа, Мұса, сен сөзсіз дұғасы қабыл болатын пайғамбарсың. Құдайдан жаңбыр тілеші», - деп өтінеді. Мұса пайғамбар жұртын жинап, жамағат болып тасаттық беріп, жаңбыр тілеп дұға жасайды. Алладан жауын сұрайды. Бірақ тамшы тамбайды. Біраз уақыт өткен соң Алладан: «Уа, Мұса, қауымыңның ішінде 40 жыл бойы күнә жасап жүрсе де, осы күнге дейін бір рет күнәларына кешірім сұрап, шынайы тәубе жасамаған күнәһар адам бар. Сол сендердің іштеріңде болған кезде дұғаларың қабыл болмайды», - деген аян келеді. Мұса пайғамбар аянды халыққа айтып, 40 жыл тәубе етпеген адамның жамағаттан ажырауын сұрайды. Сол сәтте күнәһар күбірлеп: «Уа, Аллам, мен дәл қазір жасаған күнәларым үшін өзіңе шынайы тәубе келтірдім. Менің кесірімнен қауымыма қиыншылық бере көрме. Мені жұртқа масқара етпей, осы жолы құтқарсаң, өмір бойы өзіңе шынайы құл болып өтемін», - деп жалбарынады. Көп өтпей жаңбыр сіркіреп жауа бастайды. Мұса да, халық та аң-таң. Мұса Алладан: «Уа, Жаратушы ием, өзің айтқан тәубесіз күнәһар пендең арамыздан ажырамаса да, жаңбыр жауғыздың. Мұның хикметі не?» - деп сұрайды. Сонда Алла тағала: «Ол пендем қазір ғана күнәларына шынайы кешірім сұрап, шынайы тәубе етті. Тәубесін қабыл алдым», - дейді. Сонда Мұса: «Алла тағалам, тәубесі қабыл болған сол бақытты адамның кім екенін маған білдірші», - деп өтінеді. Алла тағаладан мынадай жауап келеді: «Уа, Пайғамбарым, ол 40 жыл бойы тәубесіз жүрген кезде оны адамдардың алдында масқара етпей, күнәларын жасырған едім, енді тәубесі қабыл болып, күнәсі кешірілген кезде оны ешкімге жария етпеймін".

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: