17:06 Тұлғалану толқындарында |
АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ Таңғы уақытта Алланың көркем есімдерінің әрқайсысын мағынасын түсініп, жаратылыстағы көрінісін елестете отырып оқыған жақсы. Ғажайып күйге бөленіп, керемет рухани әсер аласыз. Әр есімді оқу оның көрінісі өз әлемінде болғаын қалайтын дұғаға жатады. Алла тағаланың ең көп танылған 99 көркем есімі бар. Құранда бұл жайында: «Ол – Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған тән» («Таһа» сүресі, 8-аят) делінсе, басқа бір аятта «Ол – Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Ең көркем есімдер Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол – өте үстем, аса дана» («Хашыр» сүресі, 24-аят) делінеді. Алла тағаланың көркем есімдеріне қатысты аят пен хадистерден түйгеніміз – дұға жасау барысында Алланың көркем есімдері арқылы барынша шынайы, терең ықыласпен жалбарыну болмақ. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла тағаланың 99 есімі бар. Кім оларды (мағынасын түсініп) айтса, жаннатқа кіреді» деген. 89. Әл-Муғни: Қалаған пендесін байлыққа кенелтуші. Ешкімге және еш нәрсеге мұқтаж қылмаушы, барлық тұрғыдан бай етуші. 90. Әл-Маниғ: Қалаған нәрсеге кедергі бола алушы. Бөгеуші, тосқауыл қоюшы. 91. Ад-Дарр: Қалағанын зиянға душар етуші. 92. Ан-Нафиғ: Қалағанына көп пайда беруші. 93. Ан-Нур: Нұр. Күллі әлемді, көңілдерді нұрға бөлеуші. 94. Әл-Һәди: Ақиқатқа бастаушы, тура жолға салушы, һидаят беруші. 95. Әл-Бадиғ: Аса шеберлікпен, даналықпен, жоқтан бар етіп жаратушы. 96. Әл-Бақи: Мәңгілік иесі. Соңы болмайтын бақи. 97. Әл-Уәрис: Мүліктің шынайы иесі. Барлық жаратылыс жойылғаннан кейін жалғыз қалатын бүкіл мүліктің шынайы иесі. 98. Ар-Рашид: Тура жолды көрсетуші. Жетелуші. 99. Ас-Сабур: Асқан сабыр иесі. Кінәлілерді дереу жазаламай, тәубе ету үшін мүмкіншілік беруші. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |