15:24 Тұлғалану толқындарында |
АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ Таңғы уақытта Алланың көркем есімдерінің әрқайсысын мағынасын түсініп, жаратылыстағы көрінісін елестете отырып оқыған жақсы. Ғажайып күйге бөленіп, керемет рухани әсер аласыз. Әр есімді оқу оның көрінісі өз әлемінде болғаын қалайтын дұғаға жатады. Алла тағаланың ең көп танылған 99 көркем есімі бар. Құранда бұл жайында: «Ол – Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған тән» («Таһа» сүресі, 8-аят) делінсе, басқа бір аятта «Ол – Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Ең көркем есімдер Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол – өте үстем, аса дана» («Хашыр» сүресі, 24-аят) делінеді. Алла тағаланың көркем есімдеріне қатысты аят пен хадистерден түйгеніміз – дұға жасау барысында Алланың көркем есімдері арқылы барынша шынайы, терең ықыласпен жалбарыну болмақ. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла тағаланың 99 есімі бар. Кім оларды (мағынасын түсініп) айтса, жаннатқа кіреді» деген. 78. Әл-Мутағал: Нұқсандықтардан пәк. 79. Әд-Бәрр: Құлдарына деген жақсылығы көп. 80. Әт-Тәууаб: Тәубелерді әрдайым қабыл етуші. 81. Әл-Мунтақим: Күнәһарды, залымды әділ жазалаушы. 82. Әл-Афуу: Тым кешірімді. Аса жарылқаушы. 83. Әр-Рәууф: Рақымы кең. Ұлы мейірімге ие. Жұмсақ. 84. Мәликул-мулк: Мүліктің, дүниенің шынайы егесі. 85. Зул-Жәлали уәл-Икрам: Ұлылық пен жомарттықтың иесі. 86. Әл-Муқсит: Әрбір істі ретімен, уақытымен жасаушы. Өте әділ. 87. Әл-Жамиғ: Қалаған нәрсені қалаған уақытта бір жерге жинаушы. 88. Әл-Ғани: Өте бай, еш нәрсеге мұқтаж емес. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |