23:24
Тұлғалану толқындарында

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

Таңғы уақытта Алланың көркем есімдерінің әрқайсысын мағынасын түсініп, жаратылыстағы көрінісін елестете отырып оқыған жақсы. Ғажайып күйге бөленіп, керемет рухани әсер аласыз. Әр есімді оқу оның көрінісі өз әлемінде болғаын қалайтын дұғаға жатады.

Алла тағаланың ең көп танылған 99 көркем есімі бар. Құранда бұл жайында: «Ол – Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған тән» («Таһа» сүресі, 8-аят) делінсе, басқа бір аятта «Ол – Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Ең көркем есімдер Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол – өте үстем, аса дана» («Хашыр» сүресі, 24-аят) делінеді.

Алла тағаланың көркем есімдеріне қатысты аят пен хадистерден түйгеніміз – дұға жасау барысында Алланың көркем есімдері арқылы барынша шынайы, терең ықыласпен жалбарыну болмақ.

Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла тағаланың 99 есімі бар. Кім оларды (мағынасын түсініп) айтса, жаннатқа кіреді» деген.

67. Әл-Уахид: Затыннда, сипаттарында, есімдерінде жалғыз. Серігі жоқ.

68. Әс-Самад: еш нәрсеге мұқтаж емес. Мінсіз.

69. Әл-Қадир: Қалаған нәрсені істеуге құдіреті жетеді.

70. Әл-Муқтадир: Барлық нәрсеге күші жетуші.

71. Әл-Муаххир: Қалаған нәрсесін қалаған уақытында жасай алушы.

72. Әл-Муаххир: Қалаған нәрсесін кейінге шегеруші.

73. Әл-Әууал: Бастауы болмаған. Әу бастан бар Болушы.

74. Әл-Ахир: Соңы жоқ. Мәңгі.

75. Әз-Заһир: Бар болуы ашық болған.

76. Әл-Батин: Заты мен болмысы жасырын болған.

77. Әл-Уалий: Әлемді жалғыз өзі басқарып иелік етуші.

 (жалғасы бар)    

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: