22:54
Тұлғалану толқындарында

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

Таңғы уақытта Алланың көркем есімдерінің әрқайсысын мағынасын түсініп, жаратылыстағы көрінісін елестете отырып оқыған жақсы. Ғажайып күйге бөленіп, керемет рухани әсер аласыз. Әр есімді оқу оның көрінісі өз әлемінде болғаын қалайтын дұғаға жатады.

Алла тағаланың ең көп танылған 99 көркем есімі бар. Құранда бұл жайында: «Ол – Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған тән» («Таһа» сүресі, 8-аят) делінсе, басқа бір аятта «Ол – Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Ең көркем есімдер Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол – өте үстем, аса дана» («Хашыр» сүресі, 24-аят) делінеді.

Алла тағаланың көркем есімдеріне қатысты аят пен хадистерден түйгеніміз – дұға жасау барысында Алланың көркем есімдері арқылы барынша шынайы, терең ықыласпен жалбарыну болмақ.

Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла тағаланың 99 есімі бар. Кім оларды (мағынасын түсініп) айтса, жаннатқа кіреді» деген.

56. Әл-Матин: Берік. Өте мықты.

57. Әл-Уали: Мүминдерге дос және жақын жәрдемші.

58. Әл-Хамид: Мақтау мен мадаққа лайық.

59. Әл-Мухси: Әрдір нәрсенің санын, есебін білуші.

60. Әл-Мубди: Тіршілікті жоқтан бар етуші. Барлық нәрсенің ең әуелгісін жаратушы.

61. Әл-Муғид: Жаратылғандарды өлтіріп, қайта тірілтуші.

62. Әл-Мухи: Тірілтіп, өмір беруші. Өлгендерді қайта тірілтуші.

63. Әл-Мумит: Жан алушы.

64. Әл-Хай: Мәңгі тірі.

65. Әл-Қаййум: Брлық нәрсені ұстап тұрушы. Мәңгілік басқарушы. Ұлы Алла тағала өздігінен бар. Бар болуы ешкімге тәуелді емес.

66. Әл-уәжид: Қалағанын кез келген уақытта бар етуші.

 (жалғасы бар)    

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: