00:45 Тұлғалану толқындарында |
АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ Таңғы уақытта Алланың көркем есімдерінің әрқайсысын мағынасын түсініп, жаратылыстағы көрінісін елестете отырып оқыған жақсы. Ғажайып күйге бөленіп, керемет рухани әсер аласыз. Әр есімді оқу оның көрінісі өз әлемінде болғаын қалайтын дұғаға жатады. Алла тағаланың ең көп танылған 99 көркем есімі бар. Құранда бұл жайында: «Ол – Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған тән» («Таһа» сүресі, 8-аят) делінсе, басқа бір аятта «Ол – Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Ең көркем есімдер Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол – өте үстем, аса дана» («Хашыр» сүресі, 24-аят) делінеді. Алла тағаланың көркем есімдеріне қатысты аят пен хадистерден түйгеніміз – дұға жасау барысында Алланың көркем есімдері арқылы барынша шынайы, терең ықыласпен жалбарыну болмақ. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла тағаланың 99 есімі бар. Кім оларды (мағынасын түсініп) айтса, жаннатқа кіреді» деген. 45. Әл-Мужиб: Пенделердің сұрағандарына жауап беруші. Дұға-тілектерді қабыл етуші.. 46. Әл-Уасиғ: Мүлкі, рақымы мен құдіреті шексіз. 47. Әл-Хаким: Хикмет иесі, Оның әрбір ісі даналыққа толы. 48. Әл-Уәдуд: Ізгі құлдарын жақсы көруші. 49. Әл-Мәжиид: Беделі, есімі өте жоғары және әдемі. 50. Әл-Мәәжид: Барлық есімімен жоғары, ұлық пәк. Аса даңқты, мәртебелі. 51. Әл-Бағис: Өлілерді қайта тірілтуші, пайғамбар жіберуші. 52. Әш-Шаһид: Әрбір нәрсеге куә болушы. 53. Әл-Хақ: Оның бар екендігінде шүбә жоқ. Ол ақиқат иесі. 54. Әл-Уәкил: Құлдарының істерін орындаушы. Қорғаушы, жебеуші. 55. Әл-Қауи: Шексіз құдірет иесі. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |