23:03
Тұлғалану толқындарында

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

Таңғы уақытта Алланың көркем есімдерінің әрқайсысын мағынасын түсініп, жаратылыстағы көрінісін елестете отырып оқыған жақсы. Ғажайып күйге бөленіп, керемет рухани әсер аласыз. Әр есімді оқу оның көрінісі өз әлемінде болғаын қалайтын дұғаға жатады.

Алла тағаланың ең көп танылған 99 көркем есімі бар. Құранда бұл жайында: «Ол – Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған тән» («Таһа» сүресі, 8-аят) делінсе, басқа бір аятта «Ол – Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Ең көркем есімдер Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол – өте үстем, аса дана» («Хашыр» сүресі, 24-аят) делінеді.

Алла тағаланың көркем есімдеріне қатысты аят пен хадистерден түйгеніміз – дұға жасау барысында Алланың көркем есімдері арқылы барынша шынайы, терең ықыласпен жалбарыну болмақ.

Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла тағаланың 99 есімі бар. Кім оларды (мағынасын түсініп) айтса, жаннатқа кіреді» деген.

34. Әл-Азим: Заты мен сипаттарында өте ұлық. Құранда алты жерде кездеседі..

35. Әл-Ғафур: Күнәларды жасырып, жазалмай, кешіріп тұрушы. Аса кешірімді, жарылқаушы..

36. Әш-Шакур: Аз амалға көп сауап беруші..

37. Әл-Али: Жоғары мәртебелі, аса ұлы.

38. Әл-Кәбир: Аса ұлы мәртебелі. Ұлық.

39. Әл-Хафиз: Сақтаушы, қорғаушы.

40. Әл-Муқит: Әрбір жаратылысты қамтушы. Үлкен-кіші демей азығын беруші.

41. Әл-Хасиб: Әрбір пенденің әрекетінен есеп алушы.

42. Әл-Жалил: Ұлылық иесі. Өзгеге мұқтаж емес.

43. Әл-Кәрим: Берері мол, аса жомарт.

44. Ар-Рақиб: Барлық жаратылысты бақылаушы.

 (жалғасы бар)    

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: