10:45 Тұлғалану толқындарында |
АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ Таңғы уақытта Алланың көркем есімдерінің әрқайсысын мағынасын түсініп, жаратылыстағы көрінісін елестете отырып оқыған жақсы. Ғажайып күйге бөленіп, керемет рухани әсер аласыз. Әр есімді оқу оның көрінісі өз әлемінде болғаын қалайтын дұғаға жатады. Алла тағаланың ең көп танылған 99 көркем есімі бар. Құранда бұл жайында: «Ол – Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған тән» («Таһа» сүресі, 8-аят) делінсе, басқа бір аятта «Ол – Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Ең көркем есімдер Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол – өте үстем, аса дана» («Хашыр» сүресі, 24-аят) делінеді. Алла тағаланың көркем есімдеріне қатысты аят пен хадистерден түйгеніміз – дұға жасау барысында Алланың көркем есімдері арқылы барынша шынайы, терең ықыласпен жалбарыну болмақ. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла тағаланың 99 есімі бар. Кім оларды (мағынасын түсініп) айтса, жаннатқа кіреді» деген. 23. Әл-Хафид: Тұқыртушы. Тәкаппарларға шамасын білдіруші. 24. Әр-Рафиғ: Мүминдерді көтеруші, жоғарылатушы. Дәрежені көтеруші. 25. Әл-Муғизз: Қадірлі етуші. Күш-қайрат беруші. 26. Әл-Музилл: Қалаған пендесін қиыншылықпен сынаушы. Қор қылушы. 27. Әс-Самиғ: Бәрін естуші, дұғаларды қабыл етуші. 28. Әл-Басир: Әрбір жасырын нәрсені толық көруші. 29. Әл-Хакам: Әділ үкім беруші, жақсыны жаманнан айырушы. 30. Әл-Адл: Әрбір ісінде аса Әділетті. 31. Әл-Латиф: Құлдарына түрлі сый тарту етуші, сан алуан пайдаға кенелтуші. 32. Әл-Хабир: Барлық әшкере-жасырын нәрседен үнемі толық хабардар. 33. Әл-Халим: Жұмсақ, биязы. Үлкен күнәларға қарамастан, тәубеге келуге мүмкіндік беруші. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |