22:09 Тұлғалану толқындарында |
АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ Таңғы уақытта Алланың көркем есімдерінің әрқайсысын мағынасын түсініп, жаратылыстағы көрінісін елестете отырып оқыған жақсы. Ғажайып күйге бөленіп, керемет рухани әсер аласыз. Әр есімді оқу оның көрінісі өз әлемінде болғаын қалайтын дұғаға жатады. Алла тағаланың ең көп танылған 99 көркем есімі бар. Құранда бұл жайында: «Ол – Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған тән» («Таһа» сүресі, 8-аят) делінсе, басқа бір аятта «Ол – Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Ең көркем есімдер Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол – өте үстем, аса дана» («Хашыр» сүресі, 24-аят) делінеді. Алла тағаланың көркем есімдеріне қатысты аят пен хадистерден түйгеніміз – дұға жасау барысында Алланың көркем есімдері арқылы барынша шынайы, терең ықыласпен жалбарыну болмақ. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла тағаланың 99 есімі бар. Кім оларды (мағынасын түсініп) айтса, жаннатқа кіреді» деген. 12. Әл-Халиқ: Барлық нәрсені жаратушы, эоқтан бар етуші. 13. Әл-Бари: Кемшіліксіз, мінсіз жаратушы. Барша жаратылысты әртүрлі ерекшеліктерімен жаратушы. 14. Әл-Мусаууир: Әрбір қалаған нәрсесіне өзіндік бейне, ерекше пішін беруші Шебер. 15. Әл-Ғаффар: Күнәларды кешіруші, жарылқаушы.пенделердің айып-нұқсандары мен күнә-қателіктерін әшкере етпей, жасырып тұрушы. 16. Әл-Қаһһар: Баршаны Өзіне бағындырушы. Қалаған нәрсесіне үстем болушы. Әділ жазалаушы. 17. Әл-Уәһһаб: Түрлі нығметтерді қайтарымсыз беруші. 18. Әр-Раззақ: Жаратылғандардың ризық-несібесін беруші. 19. Әл-Фаттах: Жақсылық есіктерін ашушы. Дұға еткен пенде «Жолымды оңғаратын, көңілімді көтеретін де, құпиямның жібін сөгетін де Сен. Өзіңе апаратын жолдарды аша гөр» деп тілеген дұрыс. 20. Әл-Алим: Барлық нәрсені өте жақсы, толық білуші. Назарынан еш нәрсе қағыс қалмайды. Аланың білмей қалатын сәті жоқ, жарияны да, құпияны да біледі. 21. Әл-Қабид: Ризықты ұстап қалушы. Рухтарды алып қалушы, жан алушы. 22. Әл-Басит: Мол ризық беруші. Өмірді ұзартушы. Көкіректі кеңейтуші. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |