22:21 Тұлғалану толқындарында |
АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ Таңғы уақытта Алланың көркем есімдерінің әрқайсысын мағынасын түсініп, жаратылыстағы көрінісін елестете отырып оқыған жақсы. Ғажайып күйге бөленіп, керемет рухани әсер аласыз. Әр есімді оқу оның көрінісі өз әлемінде болғаын қалайтын дұғаға жатады. Алла тағаланың ең көп танылған 99 көркем есімі бар. Құранда бұл жайында: «Ол – Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған тән» («Таһа» сүресі, 8-аят) делінсе, басқа бір аятта «Ол – Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Ең көркем есімдер Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол – өте үстем, аса дана» («Хашыр» сүресі, 24-аят) делінеді. Алла тағаланың көркем есімдеріне қатысты аят пен хадистерден түйгеніміз – дұға жасау барысында Алланың көркем есімдері арқылы барынша шынайы, терең ықыласпен жалбарыну болмақ. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла тағаланың 99 есімі бар. Кім оларды (мағынасын түсініп) айтса, жаннатқа кіреді» деген. 1. Алла: «Алла» сөзі Құранның 2697 жерінде кездеседі. Алла тағала – жаратушы, ал одан басқасы жаратылған. Ол – шексіз, өзгелер шектеулі. Басқалар мұқтаж, ол – мұқтаж емес. Одан басқа тәңірі жоқ, Ол ғана – жалғыз. Оған тең келер еш нәрсе жоқ. Ол – шексіз сипаттар иесі. Алла есімі – Хақ тағаланың баламасы жоқ айрықша атауы және Жаратқанға тиесілі бүкіл есімдер мен сипаттарды қамтиды. 2. Ар-Рахман: Шексіз мейірімді. 3. Ар-Рахим: Рақымы ерекше. 4. Әл-Малик: Бүкіл әлемдердің иесі, әміршісі. Ешкімнің ешкімге қарайласа алмайтын күні тек Оның ғана әмірі жүреді. 5. Әл-Қуддус: Барша кемшіліктен пәк, қасиетті. Барлық айып-нұқсандардан ада. Бұл есім Құранда екі жерде кездеседі. 6. Әс-Сәлам: Жаратқандарын есендікте ұстаушы. 7. Әл-Мүмин: Жүрекке иман беруші, азаптан қорғаушы. Есендік беруші. Өз елшілеріне мұғжизалар (таңғажайыптар) беріп, Растаушы, Сенімді. 8. Әл-Мүһаймин: Әр уақыт өз саясына баурап, үкімінің астына алушы. Пенделерді және бүкіл болмысты қорғап, олардың жасағандарын қадағалап, қарымтасын кемшіліксіз беруші. Бұл есім де Құранда екі жерде кездеседі. 9. Әл-Азиз: Ұлы, әлсіздік атаулыдан пәк, жеңілуі мүмкін емес жеңімпаз. Аса құдіретті. Дәрежесі ұлық. Өзіне еш нәрсе тең келмейді. Құранда тоқсанға жуық жерде кездеседі. 10. Әл-Жаббар: Өзінің үкімін барша әлемге жүргізуші, қалағанын күштеп жасатушы. Аса құдіретті, үстем. Зұлымдық жасағандарды жазалаушы. 11. Әл-Мутакаббир: Барлық нәрседе ұлылығын көрсетуші. Аса жоғары мәртебелі. Ұлылық тек Оған ғана тән. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |