00:16
Тұлғалану толқындарында

ӘДІЛЕТ, ШАПҚАТ КІМДЕ БАР...

Құранда «Қандай да бір қауымға (топқа, адамға) деген іштегі өкпе-реніш, дұшпандықтарың әділдіктен тайдырып жібермесін» әділдіктен таймаңдар. Өйткені ол тақуалыққа ең жақын іс» («Мәида» сүресі, 8-аят) делінген.

Алла елшісі (с.а.у.(: «Адам бойында бір кесек ет бар. Сол бұзылса, бүкіл дене бұзылады, ал оңалса, барлық дене оңалады. Біліп қойыңдар, ол – жүрек!» дейтін хадисі жүрек тазалығының маңызы жайлы түсіндіруде. «жүректеріңді тыңдаңдар» дейтін хадис тағы бар.

Ендеше, жүректің ақылды нұрға бөлеп, ізгілікке бұруы үшін оның түрлі дерттен сау, махаббатқа толы жылы жүрек болуы міндетті. Ал оның жолы – руханият. Кемелдіктің кілті осы жүректен өтеді.

Жүрек неліктен қараяды, қандай себеппен қатаяды? Алла елшісі бір хадисінде жүрек күнәлар кесірінен қараятындығын айтқан. Яғни кісі күнә жасағанда жүрегінде қара дақ пайда болады. Күнәдан тыйылып, кешірім сұрап, тәубе етсе, жүрек қайта қалпына келіп, жарқырап шыға келеді. Ал күнә жасауды әрі қарай жалғастыра берсе, қара дақтар көбейіп, жүректі тұмшалап тұтастай қараяды. Міне, бұл Құрандағы: «олардың жүректері жасаған күнәлар кесірінен қарайып, тот басты» («Мутаффифин» сүресі, 14-аят) делінген жүректің жағдайы.

Кез келген жүрекке сіңген күнә бейне бір тіске түскен құрт тәрізді. Тістегі құртты тазалап, емдетпесеңіз көбейіп, уақыт өте келе тісіңізді түгін қалдырмай кеміріп, шірітеді. Тіпті басқа сау тістерге шабуыл жасайды. Жүрекке түскен қара дақ та дәл солай.

Мысалы, бір кісіні қатты ренжіттіңіз делік. Жүрегінңізде қара дақ пайда болды деген сөз. Егер қатеңізге өкініп, кешірім сұрамасаңыз, қара дақ жүректе қалып қояды да, айналаңызды ренжіткен сайын көбейіп, ұлғая бастайды. Онымен қоймай, жүректегі мейірім секілді жақсы қасиеттеріңізді әлсіретеді. Уақыт өте келе, біреуді ренжіту сіз үшін қалыпты жағдайға айналады. Тіпті өзіңізді ақтауға тырысатын боласыз. Күнә іс қайталанған сайын жүрек қарая түседі. Адамның қайғы-мұңын түсінбейтін, тіпті біреудің жан қиналысынан ләззат алатын қатыгез пендеге айналасыз.

Сол сияқты, бір рет өтірік айттыңыз. Алғашында өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Ұяласыз. Бірақ тәубе етіп, күнәңызға өкінген жоқсыз. Қателікті түзетуді ойламадыңыз. Жүректе қара дақ қалып қойды. Келесі жолы өтірік айтқанда, өзіңді ыңғайсыз сезіну былай тұрсын, тіпті іштей масаттануыңыз мүмкін. Өтірік тағы бір өтірікке ұласады. Соңында сөзі де, өзі де өтірікші адамға айналасыз. Өтіріксіз өмір сүре алмайтын кәззаптық жағдайға жетесіз. Міне, көрдіңіз бе? Қателік пен күнәға өкініш білдіріп, тәубе етудің, сол арқылы жүректі таза ұстаудың қаншалықты маңызды екенін. Абайдың «Жүрегіме қарасам, инедейін таза емес» деп жүрекке назар аударуы тегін емес.

Жоғарыдағы Абайдың үштік формуласын жеке адамға ғана емес, тұтастай мемлекетке, бүтіндей қоғамға қолдануға болады. Дін, өнер, мәдениет секілді қоғамның руханияты оның жүрегі іспетті десек, рационалды ғылым-білім оның ақылы, ал кәсіпкерлік пен спорт «қайраты» болмақ. Мемлекет өзінің «жүрегіне», «ақылы» мен «қайратына» теңдей көңіл бөлуге тиіс. Бұлардың біреуі ақсаған мемлекеттің, қандай да бір қоғамның «толық есті» кемел де келісті ел болатындығын айту қиын.

Сондай-ақ балаларымыз жан-жақты жетілуі үшін «ақыл, қайрат, жүрегіне» мән беруіміз қажет. Сапалы білім алу үішн жақсы мектепте, қажет болса, қосымша сабақ алуына жағдай жасай алсақ, «ақылын» жетілдірген боламыз. Ал баланың икемі бар спорт түріне шынықтыру арқылы «қайратын» шыңдаймыз һәм ұстамды болып өсуіне ықпал етеміз. Ал рухани, діни тәрбие беріп, музыкалық қабілетін жетілдіру арқылы «жүрегін» дамытамыз. Сонда балаларымыз жан-жақты жетіліп, Абай айтқан «ақыл, қайрат, жүрегін» бірге ұстаған елден ерек толық адам болып өседі.

Шахмат үйірмесіне және командалық ойын түрлеріне қатысқан балалардың эмоциялық зердесі жақсы дамиды. Қиыншылыққа шыдамды, мәселені байсалды шешуге бейімді, командалық жұмысқа икемді, тіл табысу қабілеті жоғары болып жетіледі.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 27 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: