11:26
Тұлғалану толқындарында

МАЙДЫҢ МӘСЕЛЕСІ

Майлардың да өзіндік классификациясы бар. Түсінікті болуы үшін оларды «жаман» және «жақсы» деп екі топқа бөліп алайық. Соңғы кездері майсыздандырылған, майлылығы төмен – сүт, айран, йогурт, сүзбе секілді сүт өнімдері жайлы көп айтылады. Бірақ, мұндай өнім қаншалықты табиғи. Бұл техникалық өңдеуден өтіп, майы алынған өнім. Демек, бұл жерде ешқандай табиғилық жоқ. мұндай өнімдерді пайдаланудың пайдасы шамалы.

Майдың шыққан тегіне мән беріңіз. Жануарлардан алынған майға кейде күмәнданамыз. Өйткені үй жануарының бәрі далада жайылып, шөппен қоректеніп жүрген жоқ. Синтетикалық қорек, антибиотикпен жемделмегеніне сенімді болсаңыз, онда әңгіме басқа. Өкінішітісі сол, қазіргі уақытта үй жануарлары мен құстарды асырау тәсілі өзгерген. Оларға гармоналды препараттар мен антибиотиктер беріп, салмағын арттырады.

«Жаман» майлары мол өнімдер:

  • Гендік модификацияланған азықпен жемделген жануар майы;
  • Гормонмен қоректенген жануар майы;
  • Бутербродты майы;
  • Маргарин және трансмайлар;
  • Кондитерлік өнімдер;
  • Тазартылған (өңделген) май.

Десек те, майдан түбегейлі бас тарту – адам денсаулығына зиян. Таза май ағзаға энергия береді, гормондар мен дәрумендер толтырады һәм ми-жүйке жүйесінің қорғаушысы іспеттес қызмет атқарады. Бұл жүрек қан-тамырларына да пайдалы. Ағзамыз сапалы майлармен толығып тұрса, гормондардың тепе-теңдігі сақталады. Әсіресе әйелдер үшін мұның рөлі зор. Гормондар қызметінің бұзылуы әйел денсаулығына айтарлықтай зиян келтіріп, ұрықсыздыққа әкеледі. Жеткілікті мөлшерде таза майларды қабылдау, кейін емделуі қымбатқа түсетін сырқаттардың алдын алады.

«Жаман» майлар жануарларды жасанды қоректендіру, химиялық өңдеулер арқылы адам қолымен жасалады.

«Жақсы» майларға бай өнімдер:

  • Шемішке (пісте), жаңғақ;
  • Жануар майы (таза, сенімді);
  • Табиғи таза сарымай;
  • Табиғи қаймақ, кілегей;
  • Авокадо;
  • Табиғи кокос майы – Centrifuge (өндірістегі центрфигуралық әдіс);
  • Зәйтүн майы;
  • Органикалық жұмыртқа;
  • Теңіз балықтары (омега-3 дәруменімен).

Өнім табиғи болған сайын «жақсы» майларға бай болады. Ал егер өнім жасанды, түрлі өңдеуден өткен, жануарлар мен өсімдіктерді химиялық жолымен жетілдіру арқылы алынған болса, онда «жаман» майларға жолыққаныңыз. Мұндай  жасанды өзгерістерге ұшыраған майлар пайда бермейді, зиянды. Бауырбүйрекке ауыртпалық түсіреді. Нейроэнергиялық тепе-теңдік бұзылып, ішек жолдары ластанады. Нәтижесінде, бөксе мен қарынға май жиналып, семіру басталады.

Нәруыз жайлы. Нәруыз – ағзаға күнделікті керек зат. Әсіресе жасушамыздың жаңаруына керекті «материалдар» осында. Сондықтан тамақтану рационында нәруыздың мөлшеріне көңіл бөліңіз. Нәруыздар өсімдік пен жануардан алынады. Бұл – вегетариандар мен вегандар үшін қиын мәселе. өсімдіктерден ақуызды толыққанды алу мүмкін емес.

Адамға сау ми, громоналды қалыптылық және қарсы дамыған бұлшықет керек. Сондықтан, май мен көмірсудың, нәруыздың «жақсыларын» таңдаңыз.

Жануардан алынған нәруызды шамадан тыс көп тұтыну ішектің ластануына әкеледі. Өйткені жануарлардан алынған өнім өсімдіктерге қарағанда қорытылуы баяу. Өсімдік нәруыздары бойымызға бірден тарап кетсе, жануардан алынған нәруыздардың жартысы ғана бойымызға сіңіп үлгереді. Қалғаны ішек арқылы сыртқа шығады.

Нәруызбен дос болыңыз. Егер ағзаңызды ластағыңыз келмесе, сау және сергек жүргіңіз келсе, күнделікті рационға 85-90% өсімдік нәруызын, 10-15% жануардан алынған нәруызды қосыңыз.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: