09:54 Тұлғалану толқындарында |
ЖҮРЕК пен НӘПСІ Жүрек пен нәпсі – адам баласы рухани болмысының екі маңызды механизмі. Жүрек – ар-ождан, мейірім-махаббат мекені. Даналық, әділдік, шафқат, жомарттық секілді жақсы қасиеттердің бәрі жүректен шығады. Ал нәпсі болса – адам бойындағы күллі құмарлық сезімдер мен ашу, ыза, жеккөру, қанағатсыздық, қызғаныш, мақтаншақтық, тоңмойындық секілді жағымсыз сипаттардың қоздырушы күші һәм шайтанның адамға ықпал ету тетігі болмақ. Құранда: «Сөзсіз, нәпсі жаманшылыққа бұйырушы» делінеді. Адам ақылы мен дене ағзалары жүрек пен нәпсінің қайсысы күшті болса, соның ырқында болады. Жүрек күнәмен кірленіп, харам қорекпен қарайғанда әлсірейді де, нәпсі күшейеді. Мұндай кезде ақыл мен тән тізгінін нәпсі иемденеді. Ендігі жерде адам ақылы әр нәрсенің жаман жағын ойлауға бейім болады. Көзі күллі нәрсенің көлеңкелі тұсын көріп, құлағы қате жағын естуге құмар келеді. Ал аяқ-қолы харамға құмбыл тұрады. Жүректі тәубе арқылы тазалаумен ғана нәпсіні тізгіндеп, оның адамға теріс ықпалын азайтуға болады. Нәпсіні өлтіру емес, оны тәрбиелеу қажет. Нәпсі тәрбиеленгенде ол жүрекке көмекші күшке айналады. Бірақ, есіңізде болсын, нәпсі қанша тәрбиеленсе де, иықты кеңге салып, босаңсуға, ырқына жіберуге болмайды. Әйтпесе, әубастағы жаманшылықты бұйырушы нәпсіге айналып шыға келеді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |