22:18
Тұлғалану толқындарында

ҰЙҚЫҒА ҚАТЫСТЫ ЛАЙФХАКТАР

  • Уақтылы, сапалы ұйқыны отбасылық құндылыққа айналдырыңыз. Отбасыңыздың әр мүшесінің ұйқысы қануына жағдай жасаңыз.
  • Жатар алдында терезені ашып, ауасын жаңартыңыз.
  • Бөлме жылуы 18-20 градус болғаны жөн. Бөлме қоңыр салқын болса, ұйқы сапасы да жақсарады.
  • Ұйықтар алдында сізді мазалайтын, ойыңызды бөлетін, стреске түсіретін нәрселерді оқымаңыз. Смартфон қолданбаңыз, теледидар көрмеңіз.
  • Кофе секілді сергектігіңізді арттырып, ұйқыңызды қашыратын сусын ішпеңіз.
  • Жатарда ми тынықтыратын релакс мелодиялар тыңдаған жақсы.
  • Көршінің немесе көшедегі айқай-шу ұйқыңызға бөгет жасаса, ақ шуды қосып қойыңыз. Көңіліңіз бөтен дауысқа алаңдамай, тез ұйықтауға көмектеседі.
  • Егер ертерек жатқанда ұйқыңыз келмейтін болса, жатардан бірнеше сағат бұрын (4-6 сағат) бұрын( белсенді дене жаттығуын жасауды әдетке айналдырыңыз. Жатардан 1-2 сағат бұрын аэробика, йога секілді денеңізді босататын жеңіл жаттығулар жасауға болады. Жатарда жылы душқа түсіңіз.
  • Ұйықтар алдында күндізгі жақсы істеріңізді, жетістіктеріңізді ойлаңыз. Мүмкіндігінше, Алла берген сол күнгі нығметтер мен жақсылықтарды еске түсіріп, күнделігіңізге әрқайсысын жеке-жеке жазыңыз және арнайы алғыс айтып, шүкір етіңіз. Бұл сізді керемет сезімге бөлейді әрі ғажайып шабыт береді.
  • Ұйықтар алдында сізді ренжіткен, көңіліңізге қаяу салған адамдардың бәрін кешіріп, сана мен жүрегіңізді реніштен тазалап жатыңыз.
  • Ұйқыңыз келмесе, мұрынмен баяу әрі терең тыныс алып, асықпай сыртқа шығарыңыз (ішіңізбен дем алыңыз). Осылай 5 минут тыныс алсаңыз, ұйқыңыз тезірек келеді.
  • Егер бір шешімге келе алмай қиналсаңыз, ұйықтау арқылы тынығып алыңыз. Зерттеушілердің сөзіне сенсек, ұйқы кезінде миымыз қиын проблемаларды шешумен айналысады. Ұйықтап тұрған соң, бір шешімге келу оңай.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 38 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: