22:17
Тұлғалану толқындарында

ТУЫСҚАНДЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Пайғамбарымыз хадистері арқылы Мәдина халқын туысқандық қатынасты мығым ұстауға шақырған. Туысқандық қарым-қатынас, ағайынгершілік байланыс – қоғамды тұтастай бақытты ететін тамаша құндылық. Әр адам өз басына бақыт іздеп, қайғысымен жападан-жалғыз қалған қоғамда күйзеліс те, тарығу да көп болады.

Құран мен хадисте де туысқандық қарым-қатынастың маңызлыдығы өте көп айтылған әрі мол сауаптылығы білдірілген.

Көбіміх бала күнімізде үлкендерден осынау жақсы әдетті, ғибратты көріп өстік. Қуанышты бөлісудің нәтижесінде әр ағайын жақсы эмоциядан қуат алсса, қиыншылықта бір-біріне медеу болудың арқасында жабырқау көңіл, тарыққан жан болмайтын.

Бірде шетелдік танысы былай деген еді: «Қазақтардың ерекшелігі – олар қазіргі сәтпен өмір сүреді екен. Ертеңіне алаңдамағандықтан, стреске көп түспейтін сияқты. Ал біздегі психология барлық нәрсенің тізгінін өз бақылауында ұстағысы келгендіктен, болашаққа көп алаңдаймыз. Тәуекеліміз тым аз».

Ол ойлана келе, мынадай тұжырымға тоқтады.  Қазақтарда туысқандық қарым-қатынас мықты. Қиын жағдайда қорғап-қолдайтын ағайын-туысқа бейсаналы түрде сенім артқандықтан, өздерін қауіпсіз сезінеді. Қазақтың бұл әдеті бүгін ғана пайда болған жоқ. Сонау ғасырлар қойнауынан бұзылмай келе жатқандықтан болар, бұл құндылықтың инерциясы қазақ оғамын әлі де алға сүйреп келе жатыр.

Аталарымыздан бізге жеткен «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген сияқты мақал-мәтелдері текке айтылмаған. Бұл ұғымның арғы жағында ағайынмен бірге бол, көппен көрген ұлы той деген түсініктер жатыр. Сондай-ақ бұрынғы қазақтың «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» дейтін мақалының өзі қауымды береке-бірлікке шақырып тұрған жоқ па?!

Қысқасы, ағайын дегеніміз – тәңірдің бұйрығы. Оны сен таңдай алмайсың, тағдыр жолықтырады. Демек, ағайын – сенің сынағың. Жаман болса, төзесің, жақсы болса, озасың. Сондықтан Алла тағала ағайынға қарайласуды, көмектесуді, оны жақсылыққа шақыруды өз құлдарына текке міндет еткен жоқ.

Аптада бір күнді туысқандық қарым-қатынасқа арнап, жеке жоспарға кіргізген тиімді. Сонда туысқандық сөгілген мата құсап, ыдырамай, керісінше, беки түспек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 40 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: