10:14
Тұлғалану толқындарында

АПТАЛЫҚ ЖОСПАР ЖАСАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Болжамды істер мен мақсаттарды қамтыған жылдық, тоқсандық, айлық жоспар болғаны дұрыс. Сондай-ақ оларды жүзеге асыруды көздесек, нақты күндік жоспар жасаймыз. Алайда күндік жоспарға енгізілген маңызды ісімізді жоспарда жоқ шұғыл шаруалар бұзып кетіп жатады. Осының алдын алатын жол – кем дегенде апталық жоспар жасаған дұрыс. Бұл бізді әртүрлі өзгеріс жағдайында жұмыс істеуден құтқарады. Ол үшін әр күннің жоспарын жасап, маңызды істерге арнайы екпін беріп, оларды апталық жоспарға қоса енгізген дұрыс.

Апталық жоспар күндік жоспарға қарағанда анағұрлым үйлесімді әрі мазмұнды шығады. Өйткені жеті күннен тұратын апталық цикл жұмыс күндерімен қатар, тынығып, бойдағы қуатымызды қалыпқа келтіруге мүмкіншілік беретін демалыс күндерін де қамтиды.

Апталық жоспардың артық тұсы: біріншіден, еркін қимылға, екіншіден, шұғыл болатын өзгеріске икемділігі. Күнде таңертең өз күнтізбеңізді шолып шыққан кезде апталық жоспардағы істерге баса назар аударып, осы аралықта орын алуы мүмкін күтпеген жайттарды да ескересіз.

Апта ішінде күтпеген жерден шұғыл шаруалар мен маңызы зор ұсыныстар шыға ақлған жағдайда, жоспарлаған істердің орнын оңай алмастыру арқылы шешімін табасыз. Нәтижесінде, басқа ададмармен қарым-қатынасты, өзара әрекеттестікті сақтай отырып, басымдық берген маңызды ісіңізді орындай алатындай апталық жоспарды нәтижелі ұйымдастыра алсаңыз, көңіліңіз әрдайым көтеріңкі болады. Орындай алмаудан пайда болатын өкініші пен өзіңізді кінәлі сезінуден құтылып, өмірдің қуанышты ләззатын татуға мүмкіншілік табасыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 47 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: