22:32
Тұлғалану толқындарында

«ЖЕГЕНДЕЙ БОЛДЫМ»

Түркияның Ыстамбұл қаласында «Жегендей болдым» деп аталатын мешіт бар. Сөз жоқ, атауының өзі-ақ мешіттің тарихын білуге құштарлығыңды арттырып, қызығушылығыңды оятады. Мешіттің тарихы былай. XVIII ғасырда Түркияда өмір сүрген кечежи Хайреддин есімді бір қолөнерші болыпты. Шалқып тасыған бай да, сіңірі шыққан кедей де емес екен. Әйтеуір, тапқан байлығы күндік шайлығына жететін ортанқол тұрмысы бар. Осы адам патшалар салған әсем мешіттерге қызыға қарап, өзі де мешіт салғысы келеді. Бірақ ақшасы жетпейді. Сөйтіп, ақша жинай бастайды. Жинағанда да қалай дейсіз ғой. Көңілі соққан, аңсары ауған қымбат асты «жегендей болдым» дейді екен де, оған жұмсайтын қаржысын тығып қояды. Осылайша, 20 жыл дегенде шағын мешіт қаржысы құралыпты. Сол ақшаға қолөнерші Ыстамбұлдың төрінен орташа мешіт тұрғызады. Міне, арада 300 жылдан астам уақыт өтсе де, мешіттің есігі де, оны салдырған Кечежи Хайреддиннің амал дәптері де ашық. Алла тағала Кечежи Хайреддинге шын ниеті үшін сауап келіп тұратын есікті ашық қалдырды. Ең маңыздысы – шебердің бұл амалы ұғатын жанға ысырапшылдыққа қарсы насихат һәм үлгі-өнеге.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 46 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: