11:36
Тұлғалану толқындарында

МІНДЕТТЕУШІ ПСИХОЛОГИЯ

Адамның тұлғалық дамып, жетілуіне, өз өмірін қолына алып, жауапкершілікті сезінуіне бөгет болатын кедергілердің бірі – басқаларды міндетті санау психологиясы. Мысалы: әке-шешем, аға-әпкелері маған көмектесуге тиіс, үй, көлік алып беруге міндетті. Мемлекет маған барлық жағдай жасауы керек. Жоғары қызметтегі сыныптасым, кәсібі керемет курстасым маған жәрдем бермесе, ол оңбаған. Осы секілді басқаларды міндеттейтін масылдық психология жайлы не айтуға болады?!

Мұндай адамдар өздерінің сәтсіздіктері мен бақытсыздықтары үшін үнемі біреуді кінәлап, өздерін әрдайым ақтауды әдеттеріне айналдырып алады. Туысқандарының табиғи жанашырлық сезімін өз мақсатына қолдануға құмбыл тұрады. Қажет болса, бопсалап, манипуляциялаудың түрлі тәсілін де меңгеріп алады. Тіпті майталман маманға айналады. Кейде ішімдік ішіп, удай мас болу, енді бірде жүнжіген адамның кейпіне еніп, бейшараның рөлін сомдау арқылы, тіпті «Өлемін» деп қорқыту жолымен басқалардың назарын өзіне бұруға тырысады. Жақындарының туысқандық сезімін тудыру арқылы дегеніне қол жеткізуге ұмтылады. Аяғында осындай тәсілдермен мәселесін шешуден ләззат алатын масыл мінезге, пайдакүнем пасыққа айналғанын өзі де білмей қалады.

Мұндай адамдардың қажеттігін еңбексіз өтеп беру тым қауіпті. Бұл оларды масылдыққа тәрбиелейді. Оларға берілетін ең дұрыс көмек – оқып-білудің, еңбек етудің жолын көрсету.

Саған ешкім ешбір істі жасап беруге міндетті емес. өз өміріңе жауапты жалғыз өзің екенін ұмытпа! Құранның «ешбір адам басқа бір жанның күнәсін арқаламайды» («Фатир» сүресі, 18-аят) деген аяты әрдайым жадыңда болсын!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 41 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: