09:41
Тұлғалану толқындарында

АЛҒЫС АЙТУДЫ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫР!

Адамдардың ішкі қызығушылығы мен ынтасын ояту үшін атқарған жұмысын бағалап, еңбегіне рақмет айтудың орны ерекше. Әрине, рухани кемелденген жандар бір Жаратқанның ризашылығы мен сауабын ғана күтеді. Алайда кез келген адам өзі еңбектеніп жасаған ісінің бағаланғанын қалайды. Көпшіліктің алдына шығып, сөз сөйлеп жүрген адамдар жиылған жұрт айтылған әңгімеге құлақ түріп, назар аудармаса, қол соғып қошемет көрсетпесе, жағымсыз көңіл-күй тудыратынын жақсы біледі.

Ендеше, адамдардың кішігірім болсын жетістігін бағалай біліңіз. Көшеде, мейлі жұмыс орнында, яки отбасыңызда қандай да бір ізгі іс байқасаңыз, алғыс айтуды ұмытпаңыз. Әйеліңіздің жасаған тамағы үшін міндетті түрде алғыс білдіріңіз. Кез келген адамның жасаған жұмысын бағалап, еңбегіне алғыс білдіру бұл ең әуелі адами борышымыз. Хадисте «адамдарға алғыс айтпаған кісі Аллаға да алғыс айтпайды» делінген. Өйткені айналасындағы адамдардың жасаған жақсылығы мен қызметін көре алмаған адам Алланың берген сансыз нығметтерін де көре алмайды.

Сахнаға шығып өнер көрсеткен әнші, әртіске қол соғып, орнымыздан тұрып, қошемет көрсеткеніміздей, дүкендегі сатушыға да, еден жуушы мен көше сыпырушының да қызметін бағалап, еңбегіне ризашылығымызды білдіруіміз қажет. Бұл оларға керемет көңіл-күй сыйлаумен қатар, ерекше шабыт береді. Араларыңызда сыйластыққа толы қарым-қатынас орнайтыны сөзсіз.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 46 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: