20:27
Тұлғалану толқындарында

ЖАҚСЫ ДАҒДЫНЫ КҮНДЕЛІКТІ ІСІҢІЗГЕ БАЙЛАҢЫЗ

Дағды қалыптастырудың тиімді тетіктері бар. Ол үшін оған арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Қажетті дағдыны өзіңіз тұрақты істеп жүрген міндетті ісіңіздің алдына немесе артына байлап тастаңыз. Мысалы, мен дәретханаға кіріп-шыққаннан кейін 10 рет отырып-тұрамын. Аяқтарымды бүгіп, тіземді ішіме тиетіндей етіп кезек-кезек 15 дүркін көтеріп, түсіремін. Сосын бір стақан су ішемін. Таңертең және ұйықтар алдында 10 бет кітап оқимын. Сіз де өміріңізде қалыптасқан міндетті түрде жасауға тиіс істеріңіздің алдына немесе артына пайдалы дағдыларды осылай байлап қойыңыз. Мысалы, көлікке отырғанда екі минут терең тыныс алуды әдетке айналдырыңыз. Ұйықтау үшін басыңызды жастыққа қойған кезде, Алланың нәсіп еткен нығметтері, күні бойы кездескен жақсы істер үшін шүкір етіп, алғыс айтуды, ренжіткен адамдарды кешіруді әдетке айналдырыңыз. Осылай үздіксіз жасау арқылы дағдыларыңыз ойланып, жоспарланып жатпастан автоматты түрде жасалатын жағдайға жетеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 56 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: