22:20 Тұлғалану толқындарында |
БАЙБАЛА АҚСАҚАЛ Бір ауылда Байбала есімді аса тақуа ақсақал болды. Дін апиын саналған сонау Кеңес кезеңінің өзінде бұл кісі бес уақыт намазының біреуін де қаза қылмайтын, шілденің шіліңгір ыстығында оразасын толық ұстайтын. Ақсақалды көзі көрген жұрттың айтуына қарағанда, ол кісі атпен жарты күндік қашықтықтағы жерге барып, жұма намазын оқып қайтады екен. Таң намазынан кейін жолға шығып, кеш ауа үйіне әрең жететін көрінеді. Ақсақал қайтыс болғаннан кейін арада ондаған жылдар өтті. Кеңес өкіметі де күл-талқан болды. Халық әлі жаңа өмірге бейімделе алмай жатқан аласапыран заман. Әлгі ақсақалдың Қызыр есімді оқығаны көп, спортқа да икемді зерек кенже баласы бар еді. Міне, осы жігіт ауылға симай жүр. Іштей мазасыз. Неге дейсіз ғой? Өйткені ойы алыста жатқан адамға құлдыраған ауыл өмірі тар келе бастайды. Жан дүниесі күнделікті мағынасыз күйбең тіршіліктен шаршаған. Жан дүниесі күнделікті мағынасыз күйбең тіршіліктен шаршаған. Шаршаған соң... Қызыр осылай рухани ізденісте жүргенде, бәзбіреудің туған ағасы қолында бірнеше діни кітабы бар қаладан ауылға бара қалады. Бұрыннан бірге өскен Қызырға өз білгенінше насихаттап, қолындағы «Ақиқат шуағы», «Ислам ғылымхалы» сынды кітаптарды сыйлайды. Жастайынан оқуды жақсы көретін Қызыр кітаптарды бір деммен тауысып тастайды. Тіпті бір рет емес, бірнеше қайтара. Ауылда қуанышты жағдай. Қызыр намаз бастады. Баяғы тақуа ақсақалдың кенже ұлы арада ондаған жылдар өткенде басын сәждеге қойды. Қарт шешесі кезінде діни кітаптарды тарту еткен жігіт ағасының үйіне арнайы келіп, ұлының өзгергенін айтып, алғысын жаудырып жатыр. Қызыр кейіннен «ештен кеш жақсы» деп, қалаға келіп жоғарғы оқуға түсті. Өзі сүйген мамандығы бойынша дипломға да қол жеткізді. Қажылыққа да барып қайтты. Бүгінде аудандағы мектептердің бірінде аға оқытушы, шәкірттеріне ақиқаттың нұрын сеуіп жүрген үлгілі ұстаз. Өмірде жасалған жақсылық бос кетпейді екен. Тағдырда біз білмейтін сырлар көп қой. Кейіннен білді. Қызырдың әкесі Байбала ақсақал кезінде манағы жігіт ағасының әкесіне Құранның қысқа сүрелері мен кейбір дұғаларды жаттатып, діннің негіздерін үйреткен екен. Әрине, Кеңес кезеңі болғандықтан, бұлардың бәрі жасырын түрде жүзеге асқан. Оны біз білмейміз. Енді ойласақ, ағасының Қызырдың дінге бет бұруына себеп болуы Байбала атаның әкесіне жасаған жақсылығының қайтарымы сияқты. Байбала ақсақал оның әкесіне жасырын Құран үйретіп жүргенде, оның қайтарымы мен жемісінің өзінің кенжесіне ондаған жылдардан кейін кері қайтарып келетінін білмеген де болар... баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |