09:18
Тұлғалану толқындарында

КҮНІҢІЗДІ МАҢЫЗДЫ ІСТЕРДЕН БАСТАҢЫЗ

Басымдық беріп, ынта-жігеріңізді шоғырландыратын істі күннің алғашқы уақыттарына қойыңыз. Өйткені адамның миы сергек һәм бойында ынта-жігері, энергиясы толық болатын кезі – таңертеңгі сағаттар. Өкініштісі, адамның көбі күннің алғашқы уақытын жеңіл-желпі орындалатын оңай істерге жұмсайды.

Дьюка университеті психология саласының профессоры дэн ариэли адамдардың ынта-жігерінің жоғары болатын уақыты толық ұқйдыан оянғаннан кейінгі алғашқы екі сағат екендігін айтады. Ол: «Уақытты тиімді пайдаланудағы адамдардың жиі жіберетін қателігі – күннің ең өнімді алғашқы екі сағатын ешбір ыждағаттылық пен айрықша күшті талап етпейтін жеңіл-желпі істерге жұмсауында жатыр. Олар бұл уақытта әлеуметтік желі секілді жеңіл нәрселермен айналысады. Керісінше, мұндай өте өнімді уақытта, ең маңызды істерімен айналысса, алдына қойған мақсаттарына сөзсіз жетер еді», - депті.

Зиглар компаниясының бас директоры том Зиглар: «Таңғы уақытыңызды бизнесіңізді көркейтіп, алға қарай сүйрейтін нөмірі бірінші ең маңызды іске арнаңыз. Басқа ел шырт ұйқыда жатқанда сіз осындай іспен айналысыңыз. Электронды пшоталарды оқу секілді жеңіл істерге алаң болмаңыз», - деп өз тәжірибесімен бөліседі. Ал «PR for anyone» (әр адамға насихат) компаниясының бас директоры Кристина Дейвс бұған қатысты былай дейді. «Менің анықтағаным, таңғы алтыдан түске дейінгі аралық – өте берекелі уақыт. Сергек миыма ғажайып идеялар келеді. Мен осы уақытта басқа адамдар бір апта бойы жасай алмайтын істерді тындырып тастаймын».

Кебйрі кісілер ең маңыздыдан гөрі ең қиын жұмысты таңғы уақытта істегенді дұрыс санайды. Егер бұл сізге пайдалы болып жатса, осылай істеуге болады. Өйткені кейбір адамдар қиын істерге ынталары соқпай, желкелерінен кейін тартып тұрады. Нәтижесінде, қиын істерді үнемі кейінге қалдырады да, жеңіл-желпі істермен айналысып кетеді. Бірақ әуелі ең маңызды істерді емес, ең қиын істерді жасауды әдетке айналдыру – сіздің өнімділігіңізге кері әсер етуі ықтимал екенін де ұмытпаған жөн.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 64 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: