13:50
Тұлғалану толқындарында

ЕКІ ЖАҚТЫҢ БІРЕУІНЕ ПАЙДАСЫЗ ІСТЕ БАС ТАРТУ ҚАЖЕТ

Екі жаққа да пайдалы, екі тарапты да қанағаттандыратын келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда ортақ жұмыс істеуден бас тарту – ең дұрыс шешім. Осы арқылы сыйластық қарым-қатынасты сақтап қалуға болады. Әйтпегенде бір тараптың ұтысы екінші жақтың ұтылысының нәтижесі болғандықтан, ондай келісім арадағы қарым-қатынасқа сызат түсіреді. Келісе алмаған жағдайда бас тартуды Стивен Кови «Ұттым-Ұттым немесе Байланыспаңыз» қағидасымен былай деп түсіндіреді. «Ұттым/Ұттым немесе Байланыспаңыз» тұжырымымен танысқаннан кейін, біршама уақыт өткен соң бағдарлама әзірлейтін компанияның президенті менімен әсерін бөлісті:

- Біз жаңа бағдарлама жасап шығарып, оны бесжылдық келісімшарт негізінде бір банкке саттық. Банк президенті ризашылық білдіргенімен, қызметкерлері аса қуана қойған жоқ. Бір айдан соң банк президенті ауысып кетті. Жаңа келген президент менімен кездесіп: «Бағдарлама өзгергеніне байланысты өзімді жайсыздау сезінемін. Бір түсініксіз жағдайлар орын алып жатыр. Қызметкерлерім оны меңгере алмай жатқан көрінеді. Оларға қысым жасай алмаймын», - деді.

Менің компаниям сол кезде елеулі қаржылық қиындыққа тап болған еді. Келісімшарт талаптарын орындауды талап етуге менің толық заңды құқығым бар болатын. бірақ «Ұттым/Ұттым» ұстанымына сенімді едім. Сондықтан президентке: «Сіз бен біз келісімшарт жасастық. Жаңа бағдарламаға қайта бағдарлану үшін өнімдеріміз бен қызмет құнын сатып алуға банк кепілдік берген. Алайда сіздің осы келісімшартқа аса риза емес екеніңізді көріп отырмыз. Осы орайда, былай жасағымыз келеді: келісімшартты тоқтатып, төлеп қойған ақшаңызды қайтарамыз. Бірақ келешекте жаңа бағдарламалық шешім қажет болып жатса, бізге тағы да жүгінуіңізге болады», - дедім.

Жалпы сомасы 84 мың доллар тұратын келісімшарттан бас тарттым. Бұл қаржылық құрбандықпен тең еді. Алайда ұзақмерзімді перспективада осы ұстанымның дұрыстығына сенімді едім. Ақша қайтып қана қоймады, шығынның орны пайдамен толды. Үш айдан соң банк президенті маған хабарласып: «Мен деректерді өңдеу базасына өзгеріс енгізгелі жатырмын. Сонымен сіздің айналысқаныңызды қалаймын», - деді. Сөйтіп, бізбен 240 мың долларға келісімшарт жасады».

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 60 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: