23:07
Тұлғалану толқындарында

«УАҚЫТ ӨТТІ, КЕШ ҚАЛДЫМ» - ДЕМЕҢІЗ!

Абай жиырма тоғызыншы қарасөзінде «Қазақ мақалдарының ішінде не құдайшылыққа, не адамшылыққа» жарамайтындары да бар дейді. Сондай мақалдың бірі – «Отызда орда бұзбасаң, қырықта қамал алмассың» деген сияқты шектеу. Өкінішке қарай, біздің қоғамда адамдарды белгілі бір қалыпқа, стандартқа бұғаттап тастайтын осы сияқты психологиялық кедергілер жетерлік. Яғни адамдар белгілі бір жасқа дейін жақсы карьера жасауы, ғылыми жаңалық ашуы, кәсіп дөңгелету т.б. жетістіктерге жетпесе, кейін бәрі кеш дейтін ұғым. Тіпті адам санасына сіңген мөлшерлі «жастан» кеш қалсаң, сізге уақыты өткен тауар сияқты мүсіркей қарайды. Мұндай көзқарас салдарынан адамның талабы мұқалып, санасы күйзеліске ұшырап, депрессияға түсіп кетуі әбден мүмкін. Нәтижесінде, жаңалыққа үйренуге, ең бастысы өмірін мәнді де сәнді етуге тырыспайды.

Мына әлемде 8 миллиардқа жуық адам болса, сол адамның бәрі бір-біріне әсте ұқсамайды. Олардың қабілеті, мүмкіндіктері, өскен ортасы, алған білімі мен тәрбиесі, көзқарасы сан алуан. Сондықтан да олардың белгілі бір өмірлік межені бағындыруға қызығушылығы да әртүрлі болады. Айтарымыз: мейлі қай жаста болсаңыз да өміріңізді бұрынғыдан қызықты, мәнді, мазмұнды етуге тырысыңыз. Ол үшін:

  • Өзіңізді өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Адам өзін басқалармен қаражат, отбасы, қоғамдағы статус немесе өзге дүниелерге байланысты салыстыруды доғарған кезде жеке басын бақытты сезіне бастайды. Әркімнің түрлі дүниелерге қол жеткізуде өз жолы, уақыты және мөлшері болады. Сондықтан, қанша қиын болса да, өзіңізді өзгелермен салыстыра бермеңіз. Оның орнына өзіңізге ұнайтын, күшті мотивация беретін нәрселерге көбірек көңіл бөліңіз.
  • Жаңа хобби таңдаңыз. Ол музыкалық аспапта ойнау, әйел адам болсаңыз, тігін тігу сияқты бұрын істеп көрмеген дүние болғаны дұрыс.
  • Жаңадан тіл үйреңіз. Тіл үйрену адамның когнитив қабілеттерін арттыруға көмектесіп, кәрілікпен қатар келетін нейродегеративті аурулардың алдын алуға көмектеседі.
  • Физикалық жаттығу жасаңыз. Өзіңіздің жаныңызға жақын спорт түрін таңдаңыз. Қай спортпен айналыспас бұрын бірінші дәрігермен ақылдасып алу керек, сосын кәсіби жаттытырушы табыңыз!
  • Көбірек саяхаттаңыз. Марк Твен «Адамдар өлер алдында аз саяхаттағанына өкінеді» деген екен. Мүмкіндігіңіз болмаса, шет елге саяхаттау міндетті емес. облыс, қала, ауданға көп қаражат талап етпейтін туристік маршруттар таңдаңыз.
  • Кітап оқуды әдетке айналдырыңыз. Кәсіби, жеке дамуға арналған және көркем шығармалар оқыңыз. Кітап оқу адам миының жұмысын жақсартып, есте сақтау қабілетін дамытады. Сапалы курстар мен семинарларға қатысыңыз.
  • Тамақ пісіріп үйреніңіз. Әсіресе, өзіңізге бұрын таныс емес жеп көрмеген түрлі ұлттар тағамдарын пісіріп үйреніңіз. Жас ұлғайған сайын адамның метоболизмі төмендейді. Сол себепті жейтін тағамыңыз мейлінше пайдалы болғаны жөн.
  • Күнделік жазыңыз. Адам жасы ұлғайған сайын есте сақтау қабілеті төмендейді. Ал күнделік жазу, толғаныстарыңызды тұрақты түрде қағазға түсіру адамның есте сақтау қабілетін арттырып, стресс пен депрессияны жеңуге көмектесіп, менталды саулығыңызға пайда әкеледі.

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 70 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: