08:23
Тұлғалану толқындарында

КҮНШІЛДІКТЕН ҚҰТЫЛУ ЖОЛДАРЫ

Кез келген адамда күншілдік сезімі бар. Мысалы, ішіңізде біреудің дәулетіне, атақ-мансабына деген қызғаныш сезімі оянып, мазаңыз қашты делік. Мұндай сезімді имани терең сана арқылы оңай жеңуге болады. Мына сұраққа жауап беріңізші?! Сіз көреалмаушылық танытқан сол пәленшенің дәулеті мен атақ-мансабын берген кім? Әрине, Алла! Ендеше, сіз оны қызғану арқылы Алланың оған қатысты үкіміне, бөлген ризығына қарсы шығып тұрсыз. Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Алланың нығметінің де дұшпандары болады», - деп еді, сахабалары: «олар кімдер?» - деп сұрайды. Алла елшісі: «Алланың құлдарына берген нығметтерін қызғанатын пенделер», - деп жауап берді. Байқадыңыз ба, күншілдіктің иманыңызға қалай көлеңке түсіргенін? Осыны терең түсінсеңіз, қызғаныш жүрегіңізде қонақтамайтын болады.

Екіншіден, кез келген дәулет, атақ-мансап – үлкен сынақ. Оның қайырлы, яки қайырсызы бар. Оны бір Алланың өзі біледі. Жаратушы кейде бір құлын мол нығмет, үлкен мансаппен жазалайды. Сондықтан қайырлы яки қайырсыз екені беймәлім дүниені қызғанудың түкке де қажеті жоқ.

Үшіншіден, кез келген нығмет, атақ-мансап уақытша. Олай болса, өтпелі пәни нәрсе қызғануға тұрмайды.

Төртіншіден, қызғанған адамыңызға «Уа, Аллам, пәленшеге нығметіңді одан сайын арттыр. Екі дүниесін қайырлы, берекелі ете гөр!» деп игі дұға жасаңыз. Игі дұғасы бар жүректе қызғаныш тұрмайды.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 82 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: