07:16 Тұлғалану толқындарында |
ӨМІР ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ Сенде Раббыңның, отбасыңның һәм нәпсіңнің (тән, көңіл қажеттіліктері) қақысы бар. Әрқайсысына өз қақысын беруге міндеттісің! Хадис Кемел адам – өз өмірінде тепе-теңдік сақтай білетін төрт құбыласы түгел кісі. Өмірінің түрлі қырларында тепе-теңдік сақтай алмаған адам өзін толық бақытты сезіне алмайды. Мысалы, ертелі-кеш кәсібімді өрге сүйремін, мол ақша табамын деп жүріп, отбасы бақытынан айырылған адамның кәсібі өрге дөңгеленгенінен не пайда? Уақыт тоқтап тұрмайды. Сен «көп ақша табамын» деп жүгіріп жүргенде балаларың ыстық алақаныңды сезінбей, мейірімге толы жылы сөзіңді естімей көзді ашып-жұмғанша есейіп кетеді. Ал шуақты көңіл мен жылы мейірімнің рөлін мол ақша ешқашан алмастыра алмайды. Сондай-ақ, Жаратушыға деген құлшылығың көп болғанымен, жұмысың жоқ болса, отбасыңды қажет нәпақамен қамтамасыз ете алмасаң, әрине, ол да бір кем дүние. Тіпті Алланың аманатына үлкен қиянат. Сол сияқты, өмірде түрлі жетістікке жеткеніңмен денсаулығыңа қарай алмасаң, ондай жетістігіңнен не пайда?! Ендеше, өмірде орта жолды тауып, тепе-теңдік сақтай білу аса маңызды. Әр намазда оқылатын «Фатиха» сүресінде «иһдинас-сиратал-мустақим» деп үздіксіз Алладан «тура жолды» сұраймыз. Тура жол – аса ауқымды да өте нәзік ұғым. Қарапайым тілмен айтқанда, өмір сүру барысында асып та кетпей, кем де қалмай әр нәрсенің «орта жолын» тауып, тепе-теңдік сақтай білу нағыз тура жол. Бақара сүресінде: «Біз сендерде орта жолды ұстанатын үмбет жасадық» делінген. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |