21:55 Тұлғалану толқындарында |
ТАЗА АУАҒА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ?
Адам үшін ең қажеті – оттегі. Егер ол болмаса, өмір жоқ. Біз демалып жүрген ауаның 21%-ы оттегіні құрайды. Дені сау адамға осы 21% жеткілікті. Ал түрлі созылмалы сырқаты бар жандарға ағзаны әлсіретпеу үшін оттегінің көп мөлшері керек. Кейбірімізге қосымша оттегі 24 сағат бойына керек болуы мүмкін, ал кейбіріне белгілі бір уақыт аралығында қажет болады. Мұндай кезде дәрігерлер «оттегі терапиясын» тағайындайды. Бұл дегеніңіз – құрылғы арқылы ағзаға оттегі беру. Ағза үшін оттегінің жеткілікті болуы өте маңызды. Біздің барлық дене мүшеміздің дұрыс жұмыс жасауы оттегінің дұрыс жетуімен байланысты. Мидың дұрыс ойлануы, жүректің қанды айналдыруы, бүйрек пен бауырдың дұрыс фильтр жасауы, өкпенің тыныстауы оттегінің толықтай баруымен жүзеге асады. Егер адам ағзасында оттегі азайса, бірінші кезекте қан айналымы бұзылып, әрі қарай ішкі органдарға әсер ете бастайды. Әр жұтқан ауамыз (оттегі) – энергия. Оттегіні жаттығу кезінде көп қабылдаймыз. Сондықтан спортпен дос болыңыз. Оттегі қалыпты болса, көңіл-күйіміз орнықты, ұйқымыз тыныш, деніміз сау, есте сақтауымыз қалыпты, көзіміз көргіш, сымбатты боламыз. Жаттығумен қатар оттегіні тасымалдауға көмектесетін тағам түрлерін де рационыңызға қосыңыз. Балық, грек жаңғағы, зәйтүн майы гемоглобиндегі оттегіні байытса, қырыққабат, алма, алмұрт қандағы оттегіні көбейтеді. Сәбіз, авокадо, сельдерей, сарымсақ, құрма, банан ағзаны оттегімен байытып қана қоймай, күні бойы қуаттандырады. Өзіңізді сыйлауды өзіңізге таза ауа мен оттегі сыйлаудан бастаңыз! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |