23:11 Тұлғалану толқындарында |
20/80 ҚАҒИДАСЫ Италия философы әрі экономист Вильфредо Федерико Дамас Парето (1848-1923) өзінің жекеменшік бақшасында жұмыс істеп жүріп, бұршақ дақылы жалпы өнімінің 80%-ын 20% өсімдіктен жинап алатындығын байқайды. Осыдан кейін 20/80 теориясын басқа салаларға қолданып көреді. Нәтижесі таңғаларлық. Италия жерінің 80%-ы халықтың 20%-ына ғана тиесілі екен. Содан кейін ол италиядағы барлық саладағы жалпы өндірістің 80%-ын 20% ірі компаниялар өндіретіндігіне көз жеткізеді. Барлық салаға қатысты бұл теңгерімсіздік көрсеткіші кейіннен «Парето принципі» немесе «80/20 қағидасы» деп атала бастады. Бірақ бұл 80/20 көрсеткіші әрдайым тұрақты бола бермейді. Дегенмен бұл теңгерімсіздікті көптеген салада шамалас мөлшерде байқауға болады. Мысалы, тұтынушылардың 20%-ы саудадағы жалпы пайданың 80%-ын әкеледі. Сауда өкілдерінің 20%-ы сату көлемінің 80-ын қамтамасыз етеді екен. Кез келген кітаптың 20% көлемі 80мазмұнын қамтиды. Оқып жүрген студенттердің кейбірі емтихан тапсырар алдында кітаптың маңызды жерлерін ғана сызып оқып, қалғанын тастап кететіндері бар. Емтихан нәтижелері де жақсы болатын көрінеді. Бұл қағиданы өмірде қолдану үшін калькуляторды алып, кез келген істің 80/20 пайызын есептеп шығарудың қажеті жоқ. Бастысы: жүгіңізді жеңілдетіп, нәтижелі жұмыс істеудің жолдарын білу. Ендеше, оны өмірде қалай қолданған жөн? Бірнеше мысал келтірейік:
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |