20:33 Тұлғалану толқындарында |
СТРЕСС Ғұлама Мәшһүр Жүсіптің денсаулықты күтуге қажетті алтыншы шарты – уайым-қайғыдан бойды аулақ ұстау. Стресс – ағзаның қалыпты жағдайдан ауытқуы. Стресс екі жағдайда орын алады: бірі сыртқы факторлардың әсерінен, екіншісі өз денсаулығыңа қатысты жайттардан туындайды. Біріншісі, айналада болып жатқан проблемалар, жұмыстағы кикілжің, айналаңдағы адамдармен ренжісу сияқты келеңсіз жағдайдан туындайды. Мұндай тсрессті барлық адам басынан кешіреді. Сіз өзіңізді ешқашан стрессті бастан өткізбеген, тым сабырлы адам санауыңыз мүмкін. Алайда олай емес. сіз жай ғана ішкі күйзелістерді сыртқа білдірмейтін ұстамды адамсыз. Бірақ бәрібір жан дүниеңізде түрлі жағдаяттар орын алып жатады. Ал ішкі стресске шаршау, ұйқысыздық, дұрыс тамақтанбау, т.с.с. физикалық әлсіздікке соқтыратын жайттар себепші болады. Яғни ағза өзін толықтай қабілетті сезінбеуден туындайды. Тіпті артық салмақ қосу да (семіру) стресс. Кері өзгерістерге ағза бейімделе алмайды. Біле жүріңіз: стресс – бауыр мен бүйректі, асқазан-ішек құрылысынан бастап, ағзаны толықтай зақымдайтын қауіпті құбылыс. Ағзада стресс кезінде қандай өзгерістер болады?
Егер стресс адамнан жедел өтіп кетсе, кортизол гормондары ағзадан тез шығып кетеді. Ал кісі стресске жиі шалдығып, хронологиялық күйге жеткен болса, ішкі ағза жұмысы бұзылып, мұның кесірінен тез қартаяды. Стресстегі адам үнемі ұйқысырап жүреді. Есте сақтау мен көру қабілеті нашарлайды. Үнемі стрессте жүру дұрыс тамақтануды бұзып, денсаулыққа зиянын тигізеді. Мысалы, бауыр, бүйрек, асқазан қызметтері әлсіреп, зат алмасу бұзылады. Тәттілерді көп жеу, гормондардың дұрыс бөлінбеуі диабетке (сусамыр) әкелуі де мүмкін. Яғни стресс ағзаны аямайды. Стресстің себебі көп. Бірі басылса, бірі шығып жатады. Сондықтан болар, стресстен толықтай айығу мүмкін емес дейді мамандар. Алайда өз стрессіңізді басқаруға болатынын біле жүріңіз! Ибн Сина мынадай тәжірибе жасаған екен: Екі қозыны екі бөлек жерге қамап, күнделікті жем-шөбін беріп бағады. Бірақ қозылардың біреуіне көретіндей етіп қасқырды байлап қояды. Ал екіншісі қасқырдың бар екенінен хабарсыз. Белгілі бір уақыттан кейін қасқырды көрмейтін қозы тығыршықтай болып семіреді де, ал екіншісі әбден азып, соңында өліп тынады. Осы тәжірибе арқылы Ибн Сина уайым-қайы, үрей мен қорқыныш, стресстің адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін көрсетеді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |