21:24 Тұлғалану толқындарында |
БАЙЛЫҚ пен КЕДЕЙЛІК Ақша мен дүние-мүлікке қатысты санамызда орнығып, танымымызда қалыптасқан көзқарасымызға орай, оған деген қарым-қатынасымыз бен әрекетіміз де әртүрлі болады.
Міне, осы секілді ақшаға, байлыққа байланысты біржақты пікір мен санасын кедейлік психологиясы торлап алған адам, сөзсіз, жоқшылыққа тап болуы – табиғи құбылыс. Әсіресе Кеңес өкіметінің байды жексұрын, кедейді жағымды етіп көрсету үгіт-насихаты кейбір адамдардың әлі күнге түп санасынан өшкен жоқ. Сондай-ақ дүниені толықтай тәрк етіп, аскетизмге шақырған біржақты діни уағыздар да байлыққа қатысты қоғамда қате пікір қалыптастырғаны анық. Санадағы мұндай жағымсыз пікір адамды кері тартады. Алдына ақшаға қатысты үлкен мақсат қоюына, басқаша ойлануына, ізденіп-еңбектенуіне кедергі келтіреді. Бойдағы қабілет-қарымына тұсау салып, ішкі ресурстарының толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Сөйте тұра, мұндай пікірдегі адамдар көбінесе байлыққа сырттай қызығып, іштей тамсанумен өмірі өтеді. Өйткені бұндай көзқарас адамның мина дүниедегі материалдық қажеттілігіне кереғар болғандықтан, шындыққа жанаса бермейді. Адамның көбі «қанағат», «шүкір» секілді құндылықтарды орынсыз қолданып, онымен өзінің жалқаулығын жабуға, білімсіздігін ақтауға, ішкі мазасыздығын, тіпті қызығу мен қызғанышын жұбатуға тырысады. Ал керісінше:
Осы секілді байлыққа қатысты санасында жағымды пікір қалыптасқан адамдардың арман-мақсаты да асқақ болады. Сол мақсатына жету үшін көп еңбектеніп, тер төгеді. Құранның 80-нен аса жерінде намаз құлшылығымен қатар зекет беруді бұйырған аяттар бар. Демек, намаз қандай ұлы ғибадат болса, зекет те сондай маңызды құлшылық. Ал зекет беру мүмкіншілігіне ие болу үшін кісі дәулетті болуға тиіс. Адам жан мен тәннен жаралған. Жанымыздың қажеттігін намаз, ораза секілді құлшылықтармен қанағаттандырамыз. Ал тәнімізді ше? Өйткені тәніміздің де өзіндік қажеттілігі бар. Тән материяға тікелей тәуелді болғандықтан, оның азығы да материалды дүние болмақ. Ал адамның осы қажеттігін өтеуі, оны дұрыс әрі адал азықпен қамтамасыз етуі – аса жауапты іс. Құранның көптеген аятында дүниесін игі жолда жұмсағандардың дәрежесі жайлы, садақа берудің сауаптылығы турасында қайта-қайта айтылған. Мысалы, «Бақара» сүресінде: «Мал-мүлкін Алла жолында сарп еткендердің, мысалы, жеті бірдей масақ шығарған, әр масағында жүз дәні бар дәнек секілді. Алла қалаған пендесіне сауабын еселеп береді. Алла – өте кең, сондай жомарт, барлық нәрсенің жай-күйін өте жақсы білетін шексіз ілім иесі», - десе, басқа бір аятта: «Дүние-мүлкін түн демей, күн демей жасырын һәм жария түрде игі жолда жұмсайтындардың Раббылары дәргейінде алатын ерекше сауабы (сыйы) бар. Олар үшін (әсіресе ақиретте) ешбір қорқыныш жоқ һәм олар онда әсте мұңаймайды» делінген. Пайғамбарымыздың өзі: «Берген қол алған қолдан қайырлы», «Қуатты мұсылман әлсіз мұсылманнан әлдеқайда қайырлы», - деу арқылы әрдайым берген қол болуға, қайырымды мұсылман деңгейіне көтерілуге шақырған. Сондай-ақ Алла елшісі (с.а.у.): «күпірліктен әрі кедейліктен Аллаға сиынамын», - деп дұға жасаған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |