03:03 Шығармашылық шиырлары |
Сан тақырыпты әфсана ЛАШЫН-ТАУЫҚ Күндердің күнінде бейне бір адам лашынның жұмыртқасын тауып алды да, тауықтың ұясына білдіртпей салып кетті. Лашынның балапаны тауықтың шібилерімен өсіп, оларға қатты ұқсап кетті: ол да тауықтар сықылды дыбыстады, құртты іздеу қамымен әлгілер құсап жер қопарды, буыны қатпаған қанаттарын қағып, ұшуға әрекет жасады. Жылдар жылжып өтті. Бірде әбден өсіп жетілген лашын аспанда маңғаздана ұшып жүрген құсты көріп қалды. Бірегей де қайталанбас кереметтігімен әлгі маңғаз құс өзінің ауқымды қанаттарын анда-санда ғана қағып екпінді желді бағындырды. Танқалған лашын: - Мынау не? – деп сұрады. - Бұл – лашын! Барлық құстың патшасы, - деп жауап берді оған көршісі, - Ол аспанға тәуелді. Ал біз, тауықтар, жерге тәуелдіміз. Осылайша лашын тауық сияқты ғұмыр кешті де, тауық боп жаралып туылғанына сеніп, тауық құсап өлді де. орысшадан еркін тәржімалаған ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ |
|
Всего комментариев: 0 | |