20:37
Шығармашылық шиырлары

Сан тақырыпты әфсаналар

БӘРІНЕ ДЕ ТӨЛЕУ КЕРЕК

Бірде өтіп бара жатқан бір адам Қожанасырдың өзекке ақша тастап жатқанын көріп, одан бұның мәнін сұрайды.

Қожекең былай дейді: «Мен есекке мініп келе жаттым. Бір мезетте астымдағы жануардың аяқтары тайды да осы өзекке қарай сырғи бастады, ол ол ма сырғыған сәтте тепе-теңдік жоғалды, оның үстіне ол құлауға айналды. Осы құлаудан бізді ешкім құтқара алмач деген қорқынышты бойды әбден билеп алды. Аяқ астынан өзектегі бақалар бақылдай жөнелді. Бақ-бақ еткен дауыс есегімді шошытты білем, ол әп сәтте алдынғы аяқтарын жоғары көтере артқы аяқтарымен тұра қалды да, әзірейілдің ажалынан алып шықты. Маған өмір сыйлаған бақалар осы жақсылығы үшін ештеңе алмау керек пе? Ақша тастап отырғаным – оларға көрсеткен шексіз алғысым һәм үлкен құрметім де».

[      

Бірде бір шебер былай деді:

- Ана құрсағында жатқан кезде нәресте үндемейді. Жарық дүние есігін ашып, өмірге келгеннен бастап қара жер құрсағына кіргенше сөйлейді, сөйлейді, сөйлейді. Сонда ған адам қайта үндемей жатады.

Осы тыныштықты ұстап ал

ол ананың жылы құшағында болды, ол жердің де құшағында болады, қазіргі сәтте де ол өмір атты айғай-шуды айқындайды.

Тыныштық – сенің ең терең жаратылысың.

орысшадан еркін тәржімалаған

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

http://shakhibbeker.ucoz.kz

shakhibbeker@gmail.com

 

Просмотров: 1095 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: