23:04
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЕҢ ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ

Адамзат үшін ең қастерлі ұғым, адамгершіліктің биік шыңы, ол – сөзде тұру.

Турашылдықтың қашанда бағаланарына күмән болмау керек.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Кімнің жүрегінде шаңның тозаңындай тән болса, ол жәннаттың иісін де сезе алмайды» деген. Сондықтан да әр адам теріс қасиетерден арылып, атағың айға жетіп тұрса да, тән асыл болғаны жөн адамдарды өзіндей көріп, қажеттерге қолынан келгенше жәрдем берсе, айтқан сөзінде тұра білсе.

Шоң би: «Еркектің мақсаты – сертінде тұру. Ол армансыз еркек. Ал серті жоқ еркек – ез еркек» деген.

«Адам боп оңай туғанмен, адам боп қалу көп қиын», - деп ақын Қ.Мырза Әлі бұл атқа лайық болудың оңай еместігін айтқан ғой.

 

ӨСЕКШІЛДІК – ЖЫМЫСҚЫ ҚЫЛЫҚ

Өсекшілдік – өсек сөзге құмарлық, өтірік айтушылық. Сумаңдай, сыпсың қағып өсек тарату – кесел. Жымысқы қара ниет қылық.

Өсекшіліктің негізінде іштарлық, көре алмаушылық, кекшілдік жатады. Өсекші ашық күреске бармастан, құпия түрде мүләйімси отырып, өзі жапа шеккенсіп, тыңдаушысының ойынан шыға тұрып, жазықсыз адамның сыртынан айыпты үйіп, «қара суды теріс ағыза» жалалы, жалған сөз тарата береді.

Халықтың: «Өркөкіректің өзі жаман, өсекшінің сөзі жаман» деген нақылын еске ала отырып, атына кір жұқтырғысы келмейтін әрбір адам ондай кесапаттан аулақ болуға, ұрпақты да солай тәрбиелеуі тиіс.

«Туасы жаман туғанын жамандайды» дегендей, саған біреуді жамандап келген адам, сені де өзгелерге барып жамандайтынына шүбәң болмасын. «Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің, кімнің жақын-алысын іс түскенде білерсің» деген мақал тегін айтылмаған.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: