17:23
Рухани-танымдық сүрлеулер

БАҚ ДЕГЕН НЕ?

Бақ деген ол – ырыс, құт, береке, бақыт, талай.

Даналардан:

«Бақ» деген – кішкентай құс. Ол тек ерінбегеннің етегіне, жұмыскердің жотасына, көкірек көзі ашық  адамның кеудесіне, байыптының басына қонады.

Сондай-ақ, «Басына бозторғайдың бақыт қонса, самұрық қызмет етер панасында» деп әпсана қалған.

Шынында, бақ дегенің ұшқан құс емес, ол – тамшылай аққан ащы термен, қажымас қайрат, ынта-жігермен, істің қисынын, көзін таба білген шындалған еңбекпен ғана келер тәтті, шырынды жеміс. Еңбек еткен адам еліне елеулі, халқына қалаулы болып, сый-марапат, дәріпті қошемет көрсетіліп, шатыққа бөленеді. Ондай адамды бақ өзі іздеп табады.

Еңбек ер атандырып, көңілді шаттыққа бөлеп, отбасы, ұжым және ел алдындағы жауапкершілікті арттырып, сый-құрметке кенелтіп, бақыттың шыңына шығаратынын өмірде көріп те жүрген жоқпыз ба?!

Шәкәрім қажы: «Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек», - деп жырлаған.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: