17:46 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ӘДЕБИЕТ ДЕГЕН НЕ? Әдебиет сөзі – арабша сөз, асыл сөз деген мағына береді. Әдебиет – асыл сөз ғана емес, даналық, білім, тәрбие, көркемдікке құштарлық. Әдебиет – өте кең ұғым, ол жан азығы, өмірдің айшықты айнасы, өмірдің өңделген нұсқасы, ақиқатты айғақтардың сырлы суреті. Әдебиет – ол өмірді асыл сөздермен образдап, көркемдеу арқылы бейнелеп беретін халықтың көркем тарихы, түрлі шығармалардың жиынтығы. Әдебиет – өмір оқулығы. Ол – халықтың өсзі! Халық сөзін қадірлеу, тыңдап, құлақ асу әркімнің парызы. Әдебиет – тәрбие құралы. Ол – ұлттың жады, қыл-ойы, ожданы, интеллектуалы, болмысы, арман-қиялы, құмартқан сағынышы, мехнатты азабы мен шерлі қайғысы, зар-мұңы, өмірге деген ынтықтық, іңкәрлік. Әдебиет – халықтың қадір-қасиетінің, ар-ожданының, тағдыр-талайының, ақыл-ой қазынасының, ойлау мәдениетініңкөркем суретке, ұғымдар мен қағидалар жүйесіне айналған ұлттық және жалпыадамдық құндылықтардың жиынтығы.әдебиет – киелі іс. Ол әуесқойлық нысан емес, ол – өнер, ол – өмір, ол – көкке самғар мәдениеттің асыл тарауы. Ол Адам мінезін дәл беретін, адамгершіліктің сүзгісі болған сөз өнері. Әдебиет – сөз өнері. Сөз өнері – шексіз, өмірдің өзінен азық алатын терең мұхит. Ойдың көркі – тіл болса, тілдің көркі сөз. Тіл – тіліп түсер наркескен болса, сөз – өткір жебе тау тескен. Сөз өнері әлсіз болса, онда ұлт та әлсіз болмақ. Әдебиет – қоғамның жақсы болса кескін-келбетін, жаман болса ұсқынын, сұрқын, сиқы мен сықпытын көрсетер айна. Әдебиет – адамның рухын кемелдендіріп, жан саулығын сақтап, бойға ләззат сыйлап, рухани қорек беріп, әлемдегі құбылыстарға араласып, оны игеруге жол ашушы. М.Горький: «Тіл – әдебиеттің бас мүшесі» десе, К.Федин: «Сөз – шығарманың негізі», ал М.Әуезов: «Әдебиет – ардың ісі» деген. Итемген би: «Кітап сөзі – көл, теңіз, бұлақ. Қазақ сөзі – жағалай біткен құрақ. Сондай-ақ, кітап сөзі – қара жол, қазақ сөзі – омақа», - деген. Әдебиет – өмірді танытушы, көзқарас пен мінез-құлыққа, тұрмыс-тіршілікке ықпал етуші, қоғамды сауықтырушы күш. Әдебиет – адамзаттың жетістігі және оның рухани меншігі, мәңгілікті сақтайтын мекен. Әдебиетке қатысты сенім санасы, тарихи сана және ұлттық сана бар. Бұлар әдбеите қарастыратын, сатылап келетін қағидаттар. Ардың ісіне айналған әдебиетті жасаушы ерекше талант иелері – Адамдар.
КРЕАТИВ СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ? Креатив – ол адамның шығармашылық дарын деңгейі мен оның шығармашылық қабілеті деген мағынаны білдіреді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
