08:39 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ТІЛ ДЕГЕН НЕ? Тіл – адамдардың пікір алысып, түсінісетін, қатынас жасайтын құралы. Тіл – елдің және ұлттың жаны, баға жетпес байлығы. Тіл – жүректің қалауын айналасына жеткізетін тілмаш. Тіл – айтпақ ойды мәнерлі тіркестермен білдіретін сөз. Сөз – жанның тілі. Тіл – рухтың үні. Тілі тайыздың ойы да тайыз болады. Тіл болмаса, ой жоқ, ой болмаған соң, тіл жоқ деген сөз. Тіл – бес функциялы құрал. Олар: отбасы-ошақ қасы, кәсіпкерлік, саясат, экономика, жаңа технология мен ғылым. Бөлтірік шешен: «Сөзді тілге емес, ақылға билет», - деген. Ғұлама шайыр Әбубәкір Кердері: «Тілі екеуідң – діні екеу, «Бисмилла» деп сөйлесем тілге жәрдем бере гөр, жан жаратқан Жалалым», - дейді. Жүсіп Баласағұн: «Тіл – сенің есігіңді күзеткен арыстанның, қарасаң – сені бағады, қарамасаң – өзіңе шабады», - деген. Аса маңызды тіл құндылығын қадірлеп, қастерлеп, мәпелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу әркімге міндет саналуы тиіс. Шет тілдерін біле тұрып, өз тілінде сөйлеу ұлтты оздырады, ал өз тілін ұмытып, өзге тілде сөйлеу қазақты тоздырады. Бұл ойда болса!
БӘРІ ДЕ ТІЛДЕН Ақын Ә.Есмырзаевтың мынандай қанатты сөздері бар: Тіл – қоса алар жер мен көктің арасын, Іл – айырар анасынан баласын. Тіл – атағың өсірер де, өшірер, Не тапсаң да, өз тіліңнен табасың. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
