08:31
Рухани-танымдық сүрлеулер

СӨЗДЕН ТӘТТІ НӘРСЕ ЖОҚ

Бөлтірік шешен баласына:

«Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден ауыр нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Не сөйлейтініңді біл. Қай кезде, қай жерде сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең нала болады», - деп ақыл беріпті.

 

СӨЗ МӘНІСІН БІЛМЕГЕН ҚАЛАЙ БОЛАДЫ?

деген сұрақтың жауабын Бөлтірік шешен былай термелеп:

Сөз мәнісін білмеген – ел мәнісін білмейді.

Ел мәнісін білмеген – жер мәнісін білмейді.

Жер мәнісін білмеген – ер мәнісін білмейді.

Ер мәнісін білмеген – бар мәнісін білмейді.

Бар мәнісін білмеген – мал мәнісін білмейді.

Мал мәнісін білмеген – ал мәнісін білмейді.

Ал мәнісін білмеген – бер мәнісін білмейді.

Бер мәнісін білмеген – не мәнісін біледі? – депті.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: