09:08 Рухани-танымдық сүрлеулер |
СӨЗ-СЕМСЕРДІҢ КЕРЕМЕТІН ТҮСІН Сөз – атқан оқ, өткір жебе, қылыштан өткір жебе, қылыштан өткір, қиып түсер семсер. Сөз – тілдің көркі, тіл – ойдың көркі. Сөз жеткізер тіл – тіліп түсер наркескен. Сөз – мамықтан жұмсақ, майдан да тәтті. Сөз тіркесі – сөйлемнің тетігі. Сөз – Алланың бір сипаты, сөз – иман, намыс, күш, билік. Сөз – құдірет. Сөзде керемет күш, қадір-қасиет бар. Білер болсақ, адамды өлтіретін де, өсіретін де – сөз. Жақсылыққа да, жамандыққа да жетелейтін, жаудан да қорғай білетін, досқа да ыстық сезіміңді жеткізетін де, ұлттық қауіпсіздікті сақтауға ықпал ететін де – сөз. Сөз – ұлттың ұятын, болмысын ұстап тұратын, қазақтың тоқтамы. Сөз – адамзат санасына, ұрпақ тәрбиесіне әсер етеін бірінші қару. Сөз – әлемді құтқарады. Адамды шыңға шығаратын да, шыңырауға тастайтын да – сөз. Сөз – жауһар. Сөз – қару! Сөз – күш! Сөз – дария! Сөз – ғұмыр! Тек сөзді қолданудың қыр-сырын жете меңгеру керек. Сөз – құрметті, ол асыл. Сөз – киелі, қонақ. Ол сананы нұрландыратын – шырақ. Біздің қазақ сөзбен рухтанған, сөзге тоқтаған халық. Сөздің қадірі кетіп, киесі жолғалмау үшін, қайда, қалай қолдануды білу керек. Сөз тіркесін түзуде, сөйлемге тән интонацияның орны ерекше. Сөзді айтқанда, дауыс ырғағы, интонацияны, сөйлем құрылымына сай жеткізер болсаң, тыңдаушыға да әсері ерекше болады. Халқымыздың: «Сөйлегенше сөзіңе өзің қожа, сөйлеген соң – өзіңе сөзің қожа» дегенді есте ұстаған жөн. Сөз – халықтың қаруы, тарихы, тағдыры, жаны. Сөз – ұлттың бізге жеткен аманаты, ұлттың ұстар туы. Тіл жарасы жазылмас. Ойнасаң да ойлап сөйле, Бейпіл сөзге ерік берме. Сөзіңді жөнде, тура жүр! Торыққан көрсең ерінбей, Жақсы үмітке иландыр. Жас ақын Ақылбек Шаяхмет: «Арам сөздер бейнебір көміртегі, Адал сөздер – отегі, семіртеді...» деген. Яғни, ақын меңзегендей: сөз – адамды жылыта да, суыта да, ратыа да, семірте де алады. Ақын Ә.Есмырзаев: «Әр сөздің жауап-дддауы бар, дауласқан жан жауығар» деген. Халықта: «Сүйреңдеген жаман тіл сүйгеніңнен айырар», «Сырлы сөз – сүйсіндіреді, сыпсың сөз – күйіндіреді» деген қанатты сөздер бар. Содан да пышақ салған жарадан да қауіпті тілді тыйып ұстау керек. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
